Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2059 0 пікір 12 Мамыр, 2011 сағат 05:36

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін 4 пайызға арттырды

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалдау көлемін 4 пайызға арттырды.

Бұл туралы аталмыш компанияның баспасөз хабарламасында айтылған.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2011 жылғы қаңтар - сәуірде мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 17 млн. 944 мың тонна болды. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 722 мың тоннаға немесе 4 пайызға артты», - делінген баспасөз хабарламасында.

«ҚазТрансОйл» АҚ ММ жүйесі бойынша жүк айналымы 2011 жылғы төрт айда 11 млрд. 733 млн. тонна км. болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 млрд. 023 млн. тонна км-ге немесе 10 пайызға артты.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша «Өзен - Атырау - Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау - Самара» учаскесімен мұнай айдау көлемі 5 млн. 384  мың тонна болды. Яғни 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 757 мың тонна немесе 16 пайызға артты. Көмірсутек шикізатын тасымалдау көлемінің өсімі ҚХР бағытында да сақталып отыр. Биылғы жылғы қаңтар-сәуірде «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 3 млн. 751 мың тоннаға жетті. Бұл 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 478 мың тоннаға немесе 15 пайызға жоғары.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен Ресей мұнайының транзиті 2011 жылғы есепті кезеңнің қорытындылары бойынша 1 млн. 915 мың тоннаны құрады. Өсім 125 мың тоннаға немесе 7 пайызға тең.

Өткен жылмен салыстырғанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі де арта түскен. Атап айтқанда, 2010 жылдың 4 айының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының МӨЗ-деріне өңдеу үшін мұнай тасымалдау көлемі 4 млн. 001 мың тоннаны құраған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478