Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2232 0 пікір 12 Мамыр, 2011 сағат 05:37

Испанияда екі мәрте жер сілкінісі салдарынан 10 адам мерт болды

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 11 мамыр күні кешкісін Испанияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен он адам көз жұмды,деп хабарлайды Associated Press жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып.

Испанияның Лорка қаласында араға екі сағат салып екі жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы 5,1 балл жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 18:47-де болған, екі сағаттан кейін 4,4 балдық тағы бір сілкініс тіркелген.

Сілкініс салдарынан көптеген ғимараттар, оның ішінде ортағасырлық шіркеу мұнарасы зақымданып, ондаған автокөлік қиратындылар астында қалды. Қаланың тарихи орталығын полиция қоршауға алып, тұрғындар көшірілуде. Оқиғаға куә болғандар зардап шеккендердің көп болғанын айтқанымен, жараланғандар саны туралы ресми мәліметтер әзірше жарияланған жоқ.

Агенттіктің хабарлауынша, Лорка қаласының ауруханаларына жедел жәрдем көлігімен 270 науқас жеткізілген.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114