Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 4538 29 пікір 1 Ақпан, 2019 сағат 09:59

Тоқаев: Қазақстан атауын өзгертудің қажеті жоқ

Парламент сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан атауын өзгертудің қажеті жоқ деп есептейді.

"Мемлекет атауы Қазақстан Республикасы болып қалуы тиіс. Қыруар халықаралық келісімдерді біздің президентіміз Қазақстан Республикасы атынан бақылдады. Бізде мемлекет атауын өзгертуден басқа да мәселе жетерлік", - деп мәлімдеді Тоқаев.

Қазақстанды Қазақ Республикасына өзгерту туралы ұсынысты өткен аптада мәжіліс депутаты Азат Перуашев жасаған. Үкімет басшысына жасаған үндеуінде депутат 2020 жылы "КСРО құрамындағы Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толатынын, болашақтағы тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы сол кезде қаланғанын" айтқан.

2014 жылы ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырауда жергілікті халықпен кездесуінде мемлекет атауындағы "стан" сөзінен арылу туралы ұсыныс жасаған.

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349