Шанхайда ШЫҰ құрылғанына 10 жыл толуына орай конференция өтті
БЕЙЖІҢ. 13 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейсенбі, 12 мамырда Шанхайда ШЫҰ-ның құрылғанына 10 жыл толуына орайластырылған ғылыми конференция өтті.
Құттықтау хатында ШЫҰ бас хатшысы Мұратбек Иманалиев "өткен 10 жылдықта ШЫҰ өзінің тұрақты дамуына мықты негіз сала алды" деп атап өтті. Бірқатар жалпы қағидалар мен халықаралық құқықтың негізін құру осы ұйым шеңберіндегі көптарапты ынтымақтастықты дамытудың күшті импульсі болып табылады.
Шанхайдағы ҚР Бас консулы Әбдұлманап Кәрібековтың айтуынша, ШЫҰ мүше-мемлекеттері «Шанхай рухы» негізінде ұзақ мерзімді қауіпсіздікті, өз аймағында ынтымақты, саяси және дипломатиялық ықпалдастықты, сонымен қатар көптарапты өзара тиімді ықпалдастықты өамтамасыз етуге пайдалы тұғырнаманы құра алды.
Іс-шара жұмысына үкіметтік шенеуніктер, ғалымдар мен мамандар қатысты.