Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4250 10 пікір 12 Ақпан, 2019 сағат 15:13

Бізде елге сөзін тыңдата алатын тұлға бар ма?

Бізде елге өзін тыңдата алатын, бірауыз сөзіне халық бас изейтін, үлкен-кіші түгел сыйлайтын ұлттық деңгейдегі тұлға қалмаған сияқты.

Мүмкін қоғамда ұлттық деңгейде ойлана алатындар бар шығар, болса да оларда мінез жоқ. Батыл емес. Арбаны сындырмай, өгізді өлтірмей алып шығатын саясаткерлігі жоқ. 1-2 рет төбе көрсетіп, аузы күйіп, жүрегі шайлығып қалған. Сол үшін қазір бейтарап. Көрінбейді. Біз танымаймыз.

Мүмкін мен тұлғамын деп жүрген біреулер бар шығар, өте батыл. Шешен. Саясаткер. Бірақ халық құрметтемейді. Себебі ақша бергеннің әнін айтып, бермегенді қаралайтын қасиетін ел біліп қойған. Өзі көрсетіп алған. Сол үшін де оларды ел тұлғалыққа жаратпайды.

Біз осы тұлғасы бар қоғам болуға лайық болмай қалдық па екен?! Аңдитынымыз дау, айтатынымыз өсек. Талқылайтынымыз өнбес іс. Тілеулестік азайып, көреалмаушылығымыз басым. Болам дегеннің белін бумай, бетін қағамыз. Өссе күндейміз, артта қалса табалаймыз. Ойласам жүрек аурады. Құдай сақтасын. Бұл бір өтпелі кезең болып, алдымыз жақсылық болсын!

Берік Сұлтанның facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5606