Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4636 1 пікір 12 Ақпан, 2019 сағат 15:32

Алтынбек Сәрсенбайұлымен бірге үміт те, сенім де өшіп кеткендей көрінеді...

13 жыл өте шығыпты. Алтынбек Сәрсенбайұлы қаза болғанда "бұдан былай Алтекеңе дейін және кейін деп бөлетін боламыз" деп жазған едім. Дәл солай болды да. Алтынбек Сәрсенбайұлымен бірге үміт те, сенім де өшіп кеткендей көрінеді кейде. Жатқан жеріңіз жұмақтың төрі болғай!

"Алтын да тас, тас та тас,
Екі алтын қосылса,
Бірін-бірі тастамас", - деп, үнемі жаныңыздан табылған Бауыржанның, жазықсыз жапа шеккен Василийдің де жатқан жері жайлы болсын.

Кеше ғана Тоқаевтың "киндер сюрприз" дегені есіме түсіп, сол кезге ойша бір шолу жасаған ем. Қазір "сахнада" Ғалымжан да жоқ...

"Сарыарқаның" артындағы митингілерде қаз-қатар тізіліп тұратындардың қайсысы қай қиырда жүр екен?.. Кімнен кейін кім сөйлейтінін, қалай сөйлейтінін, кім қарарды оқитынына дейін біліп тұратын ек.

Айналасы он, он бес жылда талай дүние өзгеріп кетіпті-ау...

Жұлдыз Әбілданың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608