Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 3339 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 11:08

Халықтың рухын көтерген кеш

Үстіміздегі жылдың 14-мамыр күні Алматы қаласындағы Студенттер сарайында есімі әлемге әйгілі айтулы ақын М.Шахановтың шығармашылық кеші өтті. Кеште тек М.Шахановтың әндері ғана орындалды. Сағат 15.00-де және кешкі 19.00-де екі рет өткен шығармашылық кешке қатысқан көрермендер сарайда ине шаншар орын қалдырмады. Сахнада бой көрсеткен ақынды халық орындарынан тік тұрып қарсы алды. Мұндай жәйт кеш барысында бірнеше рет қайталанды. Көпшілікті әсіресе экран арқылы көрсетілген «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты» атты деректі фильмнен берілген үзінділер тәнті етті. Онда М.Шахановтың азаматтық болмысы жан-жақты көрініс тапқан. Сондай-ақ жеті жасар жас талант Жамбыл атты бала ақынға берген М.Шахановтың ақтілек батасы да көпшілікті бір серпілтіп тастады. Халық кештен рухани қуат алып шықты.

М.Алдабергенова

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 339
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 365
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 491