Елдің солтүстігінде түнде суық сақталады, оңтүстік пен батыста - жаңбыр, найзағай мен күшті желдер күтілуде
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін 17 мамыр күні Қазақстанның солтүстік бөлігі антициклонның ықпалында болады, ауа райы - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз.
Түнде жекелеген жерлерде суық сақталады. Ал Қазақстанның оңтүстік және батыс бөлігінің ауа райына өзімен бірге жаңбырлар, найзағай мен күшті желдер алып келетін - атмосфералық ағымдар әсер етпек.
Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғып, күн күркірейді. Қызылорда облысында желмен бірге шаңды дауыл көтеріледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде найзағай ойнайды, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады. Түнде оның екпіні 23 м/с-қа жетіп, құйынды шаң көтеріледі.
Павлодар облысында түнде 0-5 градусқа дейін күн суытса, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында түнде ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді.
Ал Қарағанды облысының кей өңірлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Облыстың шығысында температура бағамы түнде 0-4 градусқа дейін төмендейді.
Маңғыстау облысын түнде тұман басады деп күтілуде.