Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 8483 35 пікір 19 Ақпан, 2019 сағат 09:44

Орыстардың ата-бабалары - түркітілді бұлғарлар

Жалғасы. Басы мына сілтемеде...

Араб тарихшысы Әл Масуди Хазар қағанатының соңғы астанасы жайлыда құнды деректер қалдырған: «Столицей был Самандар, город, лежащий на расстоянии восьми дней пути от ал-Баба. ... Но так как в ранние дни ислама он был завоеван Сулайманом б. Раби'а ал-Бахили, то управление было перенесено оттуда в город Амал на расстояние семи дней от (Самандар). Амал, там где теперь живет хазарский царь, состоит из трех частей, на которые его делит великая река, которая вытекает из верхних частей тюркских земель. От нее страны Бургар отделяется рукав, который впадает в Майтас. Названная столица расположена по обоим берегам реки. В середине реки лежит остров, где находится резиденция правительства. Замок царя расположен на одной стороне острова, который мостом из лодок соединяется с одним из берегов».

Мұнда Шығыс Закавказье аймағы мен Тифлис (Самандар) қаласын мұсылман халифаты басып алғанда, Хазар астанасы үлкен өзен бойындағы Амал қаласына көшірілгені жазылған. Ол өзен түркілердің солтүстіктегі жоғарғы жерлерінен бастау алғанын, оның Бұлғар патшалығы аймағындағы бір арнасы Майтас теңізіне құятынын көрсеткен. Майтас – Азов теңізі екені мәлім. Аталған өзен ішкі Ресей аймағынан шығатын қазіргі Дон (Танайс) деген орынды. Өзен басын «түркілердің жоғарғы жақтағы жері» деуі ішкі Ресей аймағы X ғасырда түркілер мекені болғанын, яғни орыстардың ата-бабалары түркітілді бұлғарлар екенін айғақтайды. Ал Хазар өзені – Азов теңізі мен Қырымға жақын аймақтағы басты өзен Кубань деген дұрыс. Әл Масудидің осы дерегі X ғасырда Дон өзенінің екінші жылғасы қазіргі Егорлык өзені арқылы Кубань өзенімен жалғасқанын, екі өзен қосылған тұста Амал қаласы орналасқанын айғақтайды. Ол, шамамен Ставрополь аймағындағы Карамурзинский ауылы орналасқан жер. Өйткені, ертеде Кубан өзеніне жоғарыдан Егорлык өзені сол жерде келіп құйғаны спутниктік картадан байқалады. Әл Масуди жоғарыдан келетін өзен Амал қаласын үшке бөліп тұрғанын, хан ордасы өзен ортасындағы аралда орналасқанын баяндайды.

Егорлықты қазақшаласақ, Жоғарылық болады. Жоғарыдан келетін болғандықтан, Жоғарылық деп аталған өзен кейін орыс тілінде Егорлык деп бұрмаланған. Карамурзинский ауылы Армавир қаласына жақын. Армавир мен Тбилис арасы 620 км, салтаттыға шамамен 7 күндік жол. Яғни, ол Әл Масуди көрсеткен дерекке сай келеді. Демек, Хазар өзені – қазіргі Кубань өзені. Орыс аудармашысы Хазар астанасы арабшада Амал деп жазылғанын мойындайды («В тексте: Ам.л»), сөйте тұра оны Атиль деп орысшалаған. Осылайша қаланы Еділ (Атиль) өзені бойында болғандай бұрмалап, «Хазар қағанаты Дағыстанда орнаған, әуелгі астанасы – Самандар, сосын Дағыстанды мұсылман арабтар жаулап алған VIII ғасырда ел астанасы Еділ өзені бойына көшірілген» деген ресейлік жалған тарихқа Әл Масуди жазбасын куә еткісі келеді. Анығында, Әл Масуди мен Ибн әл Асир деректері Хазар қағанаты Закавказьеде орнағанын, астанасы Тифлис қаласы екенін, ол аймақ халифат иелігіне айналғанда астана қазіргі Кубань өзені бойына көшірілгенін айғақтайды. Осылай екеніне жағасында Амал қаласы бар өзеннің Азов (Майтас) теңізіне қосылатыны жайлы дерегі де куә.

Әрі қалай Әл Масуди былай дейді: «Хазары имеют челны, на которых они плавают из своего города вверх по реке, которая течет в их реку из верхних мест и которая называется Буртас; вдоль нее живут оседлые тюркские племена, составляющие часть Хазарского царства. Их поселения тянутся непрерывно между Хазарским царством и бургарами. Эта река течет со стороны бургар, и суда непрерывно ходят по ней между землями бургар и хазар... Буртас – тюркское племя, живет, как ранее упоминалось, на реке, названной по его имени. Из их страны идут шкурки черных и рыжих лисиц, называемые буртаси. Одна черная шкурка достигает цены в 100 динаров или даже больше; рыжие дешевле в цене. Арабские и персидские цари гордились черными мехами, которые они ценили дороже, чем мех соболей, фанак и других подобных зверей... В верхней части хазарской реки есть проток, вливающийся в залив моря Майтас – море русов, по которому не плавают другие, и они обосновались на одном из его берегов. Здесь находятся хорошо снаряженные люди хазарского царя. [Их задача] оказывать сопротивление каждому, кто идет с этого моря или с той стороны земли, части которой простираются от Хазарского моря до Майтас. Это потому, что тюркские кочевники – гузы приходили зимовать в этих местах. Иногда рукав, который соединяет реку хазар с проливом Майтас, замерзает, и гузы с их конями переправляются через него».

Деректе Хазар (Кубань) өзеніне жоғарыдан келіп құятын Буртас өзені Хазар мен Бұлғар мемлекеттерінің шекарасы екені, оның бойында Хазар қағанаты құрамына кіретін отырықшы түркілер мекендері орналасқаны, екі мемлекет арасында кемелер тұрақты қатынайтыны және Буртас өзені Хазар өзеніне Амал қаласы маңында қосылатыны қамтылған. Буртас өзені деп Азов теңізінен (Майтас) шығатын қазіргі Ея өзенін айтқан жөн. Өйткені, ол өзен ертеде қазіргі Расшеветка мен Канышевка өзендері арнасымен келіп Надзорное селосы маңында Кубан (Хазар) өзеніне қосылғаны спутниктік картадан анық байқалады. Ал Надзорное селосы мен Карамурзинский ауылы (Амал қаласы болған жер) көрші орналасқан.

Буртас өзені оның бойында отырған буртас деген түркі руы атауымен аталады екен. Буртас деген аң терісі араб пен парсы билеушілерінде өте қымбат бағаланатын көрінеді. Демек, аталған өзен бойындағы отырықшы түркілер мекендері осы буртас тайпасына тиесілі болған, олар буртас деп аталатын елтірі өндірумен айналысқан. Кубань, Ростов және Ставрополь аймақтарының өз халқы «казак» деп аталады. Олар өздерін бүгінге дейін орыс халқынан бөлек этнос деп таниды. Казак елінің православялық дін қабылдаған, сол арқылы славяндалған қазақтар екенін, яғни шіркеу тіліне көшкендіктен ана тілдерінен айрылғанын айтып жүрміз (солай екенін атақты тарихшы-академик Бартольд та анық жазып көрсеткен, оны Ибн Батутаның Алтын Орда халқы жайлы деректері де айғақтайды). Арабша «қазак» пен «тюрк» сөздері ұқсас жазылады (قزك – қазак, ترك – турк). Сондықтан деректегі «оседлые тюрки» дегенді «отырықшы қазақтар» деп түсінуге болады. Дон аймағын және Украина даласын мекендейтін суырды орыстар байбак, ал украиндар бабак деп атайды (тілінде көп қазақы сөздер сақталған украиндар өздерін казактар деп таниды).

Қазақтың Кіші жүз құрамында Байбақты руы бар, қазіргі Ресей құрамындағы алып дала ертеде Кіші жүз қазақтарының ата қонысы болған (Алтын орда аймағы). Байбақты руы Орал облысында отыр, кей топтары әлі де Ресей аймағында. Ал байбак – суырдың ең ірі түрі, ол Кавказ және Қырым аймақтарында кездеспейді, негізінен Еуразия даласын мекендейді. Оның елтірісі ертеден өте құнды саналады. Арабша түпнұсқадағы «баубак» атауын аудармашы «буртас» деп орысшалаған дер едім.  Демек, қазіргі Ея өзені X ғасырда Байбақ деп аталған, оның аймағын қазақтың байбақ руы мекендеген. Олардың отырықшы бөлігі байбақ деп аталатын суыр елтірісін өндірумен айналысқан. Осы отырықшы байбақтар кейін православяға өтіп, шіркеу-орыс тілді казак болған қазақтардың бірі. Байбақ руының көшпенді бөлігі қазақтығын сақтап қалған, олар қазіргі Байбақты руы десек, қателеспейміз. Арабша жазылуына назар аударсақ: برتث – буртас, بوبك – баубак. Демек, қазақтың байбақ руы мекендеген өзен жағасы Байбақ деп аталған және ол ел байбақ деген аң елтірісін өндіріп, сатумен айналысқан. Ол ру – қазақтың қазіргі Байбақты тайпасы.

Жоғарыдағы құжат, сонымен қатар Хазар (Кубань) өзенінің бір арнасы Майтас теңізіне құятынын, ол жерде Хазар әскері отырғанын, олардың міндеті Майтас теңізінен келетін қауіптің алдын алу және солтүстік даладағы ғузи (арабта «г» әрпі жоқ) көшпенділерін Қырым маңындағы далаға жібермеу екенін баяндайды. Арабша жазбада «ғузи» мен «ғазақ» өте ұқсас, арабша түпнұсқадағы «ғазақ көшпенділер» сөзін «кочевники гузи» деп әдейі орысшалаған (қазақтың X ғасырда сол аймақта отырғанына древне-русские жылнамаларында жазылған «көшпенді Касоги» елі де куә). Әл Масуди дерегіндегі отырықшы қазақтарды «оседлые тюрки» деп, ал көшпенділерін «кочевники гузи» деп орысшалағаны ғой.

Жоғарыдағы деректе Майтас (Азов) теңізі негізінен Рус еліне тиесілі екені, олар теңіз жағасындағы бір аймақта отырғаны баяндалған. Кемелі урус елі отырған жер Қырым деу орынды, өйткені урустарға тиесілі Таматарха княздігі (Тмутараканье) қазіргі Таманск бұғазы маңында болғаны және сол аймақта урус елі мен көшпенді касог елі (ғузи-ғазақ) арасында XI ғасырда шайқастар болғаны тарихшыларға мәлім.

Хазар (Кубань) өзенінің Майтас (Азов) теңізіне құяр сағасы деп қазіргі Бейсуг өзенін айтқан жөн. Аталған өзен Азов теңізіне Ханское көлі маңында жалғасқан. Ал Кубань өзеніне ол ертеде қазіргі Куропаткин селосы маңында қосылғаны анық. Одан әрі Әл Масуди мынадай деректерді баяндайды: «После 300/912 года около 500 судов их прибыли в пролив Майтаса, соединенный с Хазарской рекой. Когда суда русов доплыли до хазарских войск, размещенных у входа в пролив, они снеслись с хазарским царем пройти через его землю, спуститься вниз по его реке, войти в реку и таким образом достичь Хазарского моря. Он разрешил им совершить, и они вошли в пролив, достигли устья реки и стали подниматься по этому рукаву, пока не добрались до Хазарской реки, по которой они спустились до города Амал и, пройдя мимо него, достигли устья, где река впадает в Хазарское море... Мы привели это сообщение, чтобы опровергнуть тех, которые утверждают, будто Хазарское море соединяется с Майтас и через Майтас – с Константинопольским проливом. Если бы это было так, русы нашли бы выход, потому что Майтас – их море, как уже упоминалось. Возможно, что те, кто говорит, что Хазарское море соединяется с Константинопольским проливом, полагают, что Хазарское море – то же море, что и Майтас, но последнее является морем бургар и русов, но Бог лучше знает, как обстоит это дело».

Дон өзені арнасы жоғарыда екіге бөлінетіні (Мелиховская селосы маңында), оның бірі ертеде Азов теңізіне (Майтас) құйғаны, ал екіншісі (Азов теңізіне құйып жатқан қазіргі арнасы) Маныч өзені арнасына қосылғаны спутниктік картадан жақсы көрінеді. Осы Маныч өзеніне құятын арна мен Кубань (Хазар) өзені ол заманда Егорлык өзені арқылы қосылғанын айттық. Маныч өзені бұрын Кума өзені арнасымен қосылып ағып, Каспий теңізіне құйғаны мәлім (Президент Н.Назарбаевтың Азов-Қара теңіз бассейні мен Каспий теңізін қосатын канал салу жайлы Ресей билігіне жасаған ұсынысы осы Маныч-Кума арнасын іске қосумен байланысты болуы мүмкін). Ал Кубань өзенінің негізгі арнасы қазір Азов теңізіне құяды. Алайда, ертеде ол арна Қаратеңізге құйғанын орыс ғалымдары мойындайды.

Демек, X ғасырда Азов (Майтас) теңізіне Дон (Танайс) өзенінің қазіргі сусыз жатқан жоғарғы арнасы құйған. Доннның Азов теңізіне құятын қазіргі арнасы ол заманда Маныч және Егорлык өзендеріне құйған (яғни, ол арна Азов теңізімен байланыспаған). Сонда ежелгі Танайс (Дон) өзенінің жоғарғы арнасы Майтас (Азов) теңізіне, екінші арнасы Егорлык-Кубань (Хазар) өзендері арқылы Нитас (Қара) теңізіне және Маныч-Кума өзендері арқылы Хазар (Каспий) теңізіне құйған. Кемелі рус елі Қара (Нитас) теңіз бен Азов (Майтас) теңіздерінде еркін жүзген. Бірақ олардың Каспий (Хазар) теңізіне жүзіп барар жолына Бұлғар хандығы мен Хазар қағанаты кедергі болған. Олар тонаудан түскен олжамен Хазар патшасын қызықтырып, оның жеріндегі өзен арқылы Каспий (Хазар) теңізіне жетуге рұқсат алғаны баяндалады. Рус кемелері Майтас (Азов) теңізіндегі бұғаз арқылы Хазар (Кубань) өзенінің жеке саласына (қазіргі Бейсук өзені) түскенін, одан кейін Хазар (Кубань) өзенінің негізгі арнасы арқылы жүзіп, Амал қаласы маңынан басқа өзен арнасына (Егорлык өзені) өткенін, сол арқылы Маныч-Кума өзені арнасына жетіп, одан әрі Хазар (Каспий) теңізіне барғанын көреміз. Әл Масуди Майтас (Азов) пен Хазар (Каспий) теңіздері тікелей байланыспайтынын, соны түсіндіру үшін рус кемелері жүріп өткен өзен жолдарын баяндағанын айтады.

Сонымен, Хазар қағанатының кейінгі астанасы Амал қаласы кәзіргі Кубань аймағында болғанына, Азов теңізімен байланысты Хазар өзені кәзіргі Кубань екеніне, Каспий теңізі жағасындағы қалаларды тонаған кемелі Рус адамдары Қырымнан барғанына  көз  жеткіздік.

Ал Ресейлік тұжырымдарға сенсек: Амал қаласы Еділ өзені бойында орналасқан, Батыс Қазақстанның көп жері Хазар қағанатына тиесілі болған, сол аймақта көшпенді оғыздар өмір сүрген (кочевники гузи), ал буртаси дегендер башқырлар, Каспий жағалауын тонаған кемелі рус адамдары Орал тауы аумағынан барған болып шығады. Осындай жалған тұжырымдары арқылы кәзіргі Батыс Қазақстан, Астрахан, Волгоград аймақтарында X ғасырда қазақ деген халық атымен жоқ екенін дәлелдеуге тырысқанын көреміз.

Бекжан Әденұлы

(Жалғасы бар)

Abai.kz

 

35 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435