Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2314 0 пікір 17 Мамыр, 2011 сағат 07:53

Ардабек Солдатбай. Ақтөбеде екі «шахид» жаннан безіп, жарылыс жасады

Фото: Ярослав Радловский (tengrinews.kz)

Бүгін таңғы сағат 10-дар шамасында Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті орналасқан аумақ тәртіп сақшыларының қоршауына алынды. Әйтеке би мен Алтынсарин көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Тіпті жаяу жүргіншілердің Әйтеке би көшесімен жүріп өтуіне тиым салынды. Ұлттық қауіпсіздік департаментіне қала әкімі Архимед Мұхамбетов, облыстық ІІД-нің бастығы Патрис Нокин, өзге де басшылар мен қауіпсіздік қызметі, өрт сөндірушілер, арнайы жедел әрекет ету құрамы, "Арлан" жасағы түгел жиналды.

Оқиға болған маңға журналистердің жақындауына, операторларға департамент ғимаратын түсіруге рұқсат етілген жоқ. Ғимаратқа қарама-қарсы орналасқан "Елек" қонақ үйінің бесінші қабатынан болып жатқан оқиғаны таспаға басып алмақ болған "Астана" телеарнасының жергілікті бейнеоператорын полицейлер ұстап әкетті. Ол ұлттық қауіпсіздік департаментінің тергеушілеріне жарты сағаттай жауап берген. Оператор Нұркен Жалмұханов тек түсініктеме жазған соң босап шықты. Әзірге облыстық ұлттық қауіпсіздік департаментінде болған оқиғаның мән-жайы құпия. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі де ресми мәлімдеме жасауды кейінге қалдырды.

Әзірше ресми емес мәліметтер бойынша екі «шаһид» өздерін ғимараттың кіре берісінде жарып жіберген. Екеуі де ес-түссіз күйі ауруханаға әкеткен.

Жақын маңдағы қонақүй қызметшілерінің айтуынша, күдіктілердің екеуі де сақалды жігіттер көрінеді. Сырт пішіні өздерін уахабшы, салафит атайтын топ мүшелеріне келеді-міс. Белдерінде «шаһидтік белдік» болған. Алғашқысы ғимаратқа кіріп келгенде алдынан кезекші прапорщик шыққан. Жарылыс сол кезде болыпты. Оқиға орынында жүрген әріптестеріміздің хабарлауынша, қауіпсіздік қызметінің адамдары жарадар болып немесе жаманат хабарға ұшырамаған сияқты. Дегенмен, соңғы хабарларға қарағанда екі адам өлген тәрізді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі де қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524