Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1926 0 пікір 17 Мамыр, 2011 сағат 14:55

Қылмыскер жауаптан жарылыспен жалтарды

Бейресми ақпарат көздерінің жеткізуі бойынша,Ақтөбе қаласындағы  оқиға таңғы сағат он шамасында болған. Беліне жарылғаш зат таңған жанкешті ҰҚК Ақтөбе облыстық департаменті орналасқан ғимараттың шоланына келіп, жарылғышты іске қосқан. Өзі сол бойда жан тапсырған, ал жолын кесіп жібермеген ҰҚК прапорщигі мен ғимараттың тағы бір күзетшісі жапа шеккен. Бұдан өзге ресми ақпарат берілмей отыр. Алайда, BNews.kz  ақпаратына қарағанда,  өзін өзі жарған өлімші 25 жастағы Рахымжан Мақатов екен. Бас прокуратура брифингінде бұл туралы ресми өкіл Жандос Өмірәлиевтің сөзінен ғана білдік. Ресми өкілдің айтуынша: «Мақатов Рахымжан, 1986 жылы туған, ол жасанды жарылғыштың көмегімен өзін өзі жарып өлтірді. Мақатов қылмыстық топ құрамында істеген қылмысынан жалтару үшін осы жолды таңдаған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды»

Ақтөбелік тағы бір бейресми ақпарат көзі бізге мынаны хабарлады. Кәзіргі уақытта ҰҚК Ақтөбе облыстық департаменті орналасқан Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі ғимарат маңайынан Теміржол вокзалына дейін көше қозғалысы қаңтарылып, тәртіп сақшылары қоршауға алған, маңайға ешкім өте алмауда. Бұған дейін қаланың оңтүстік батысындағы жеке үйлер алабында сақшылар бір үйді қоршап, тінту жасаған. Бұл жөнінде ақпарат таратпай отырған ҰҚК жағдайды тікелей өз қолына алған секілді.

«Абай ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529