Жексенбі, 24 Қараша 2024
2818 2 пікір 20 Ақпан, 2019 сағат 12:45

Астанада көпбалалы отбасылар арендалық үйлерді сатып ала алады

Елордада көпбалалы отбасыларға келешекте сатып алу құқығымен пәтерлер жалға беріледі. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп берген Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты.

«Негізгі есепті бастамас бұрын, жақында ғана күллі қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырған қайғылы жағдайға қатысты бірер пікір білдірсем деймін. Бес бүлдіршіннің қазасы бәріміздің еңсемізді түсіріп, көңілімізге қаяу салды. Осы бір оқиға көпбалалы аналардың мәселесімен қатар, басқа да қордаланған әлеуметтік проблемалардың бар екенін көрсетті. Жасырмаймыз, қауіпсіздік тұрғысында жедел шешуіміз керек түйіткілдер бар. Ендеше, біздің басты міндетіміз - осы кедергілерді жою және мұндай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеу», - деді қала басшысы.

Осы ретте әкім  қала тұрғындарының көпшілігін алаңдатқан баспана мәселесін шешу механизмін қарастырып жатқандықтарын айтты.

«Оның ішінде, көпбалалалы аналарға пәтерлерді жалға беретін боламыз. Жалға беріп қана қоймай, оны бірте-бірте сатып алуына мүмкіндік жасаймыз. Яғни, енді ай сайынғы маңдай термен тапқан қаржыны пәтер иесінің қалтасына салмайды. Оны түбінде меншігіне өтетін өз шаңырағына құятын болады», - деді Б.Сұлтанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618