«Арселор Миттал» компаниясы биыл жаңа технологияларды енгізуге 400 млн. доллар жұмсайды - Лакшми Миттал
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Арселор Миттал» компаниясы өткен жылы жаңа технологияларды енгізу жұмысына 240 млн. АҚШ долларын жұмсады, биыл бұл іске 400 млн. доллар жарататын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші жалпы отырысында «Арселор Миттал» компаниясының президенті Лакшми Миттал мәлім етті.
Оның хабарлауынша, өндіріс ошағында қалыптарды үздіксіз құюға арналған жаңа қондырғыны жабдықтау жұмысы жүргізілуде. 1,2 млн. тонналық қуаты бар бұл қондырғы ағымдағы жылдың аяғында іске қосылатын болады. Сондай-ақ биыл №2 домен пешін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қалған үшеуін алдағы үш жылда жаңарту жоспарланып отыр. «Біз жерасты көмір өндіру құрал-жабдықтарын жетілдіруге қыруар қаражатты салуды көздеп отырмыз. Осының арқасында өнім өндіру деңгейі көтеріліп ғана қоймай, жерасты қауіпсіздік жағдайы жақсаратын болады»,-дейді Л.Миттал.