Жексенбі, 24 Қараша 2024
Алашорда 19463 91 пікір 21 Ақпан, 2019 сағат 13:46

Бейбарыс сұлтан біздің даламыздан шыққан жоқ

Жалғасы. Басы мына сілтемелерде: Бірінші, Екінші...

Хазар қағанаты тұрғындары жайлы Әл Масуди деректеріне жүгінсек: «Жители столицы – мусульмане, христиане, иудеи и язычники. Иудеями являются: царь, его окружение и хазары его рода. Царь принял иудейство во время правления халифа Харун ар-Рашида (170-98 гг.х./786-814). Ряд евреев примкнул к нему из других мусульманских стран и из Византийской империи. Причина в том, что император, правящий ныне, т. е. в 332г.х/943, и носящий имя Арманус обращал евреев своей страны в христианство силой и не любил их и большое число евреев бежало из Рума в страну хазар. Что касается язычников в государстве, то среди разрядов их находятся сакалиба и русы, которые живут на одной стороне этого города. Они сжигают своих мертвецов вместе с их конями, утварью и украшениями. Когда умирает мужчина, его жену заживо сжигают вместе с ним, но если умирает женщина, то мужа не сжигают. Если кто-нибудь умирает холостым, его женят посмертно, и женщины горячо желают быть сожженными, чтобы с душами мужей войти в рай. Как мы упоминали, таков же обычай у индусов, но их жены без их согласия не сжигаются с мужьями. Русы и сакалиба, которые, как мы уже говорили, язычники, служат в войске царя и являются его слугами.».

Мұнда мемлекет халқы христиан, мұсылман, иудей (еврей) дініндегілер мен ескі сенімдегілер делінген. Патшаның VIII ғасыр соңында иудей дініне көшкенін, патша тұқымы мен оның айналасындағылар иудей дінділер екенін айтады. Кей еврейлер мұсылман елдерінен келгені және Византия патшасы қысымынан ондағы еврейлер Хазар қағанатына қашып келгені баяндалады. Осы деректің өзі Хазар қағанатының Дағыстанда болмағанын айғақтайды. Өйткені, Византия еврейлері Дағыстанға жету үшін Абхаз, Грузин, Алан, Сарир және мұсылман княздіктері арқылы өтуі тиіс. Ол жолдар қауіпсіз болған деп ешкім айта алмас еді. Олар сол елдер арқылы Дағыстанға қиындықпен жеткен болса, Әл Масуди айтар еді. Оның дерегі еврейлердің Византиядан тікелей Хазар қағанатына жеткенін байқатады (Қаратеңіз бен Азов теңізі маңындағы Хазар қағанаты мен Византия арасын тек теңіз бөліп жатқан, яғни олар көрші орналасқан).

Хазар қағанатында рус пен сакалба елінің адамдары да болғаны, олардың ескі сенімде екені және мемлекет әскерінде жауынгерлік қызмет атқаратыны деректе қамтылған. Яғни, Қырымда отырған урус пен сакалбан елінің бір тобы Хазар қағанатында өмір сүрген. Қырымдағы урус пен сакалбан елдерін сұрбөріас тобы билегенін, «сұрбөріас» атауы қысқаша «бөрі» делініп, сосын болгар-славяндық «ки» жалғауымен «бюрик» болып өзгергенін және оны «рюрик» қылған Ресей империясының саясаты екенін Асылұя династиясы жайлы мақалаларымызда айтқанбыз (еуропалықтар Рюрик әулетін «Варяг» деп атаған, ол да Бөрік атауының бұрмалануы). Сол мақалада урус пен сакалбан елдерінің екінші бөлігін Түркі Ашина тобы билегенін, ол топтың екінші жанама атауы Бөріші (волкодав) екенін, атақты Бейбарыс сұлтан сол Бөріші (бурч-беріш) тобының ұрпағы болатынын, оны құлдыққа сатқан Бөрі (бөрик-рюрик) тобының өкілдері екенін және Қырымда сол Бейбарыс сұлтан салдырған ескі мешіттің орны әлі барын көрсеттік. Хазар қағанатындағы рус пен сакалба адамдарын сол Бейбарыс шыққан Бөріші (бурч-беріш) тобы билеген, олар мен Хазар қағанатының иудайзм дінді билеушілері Түркі Ашина династиясына жататындықтан өзара туыс.

Бейбарыс сұлтанды біздің даламыздан шыққан деген орынсыз. Ол – қырымдық урус пен сакалбан елдерінің бір бөлігін билеген Бөріші династиясының өкілі. Құлдықта кеме ескекшісі болғаны, Таяу Шығысқа кемемен жеткені, оның туған жері Қара теңіз жағасы екенін айғақтайды. Бөріші тобының бір бөлігі кейін Берш деген тайпаны қалыптастырды. Сондықтан Бейбарыс сұлтанды Беріш руынан деген дұрыс. Алайда, оның отаны Қырым екенін мойындауымыз керек.

Урус елі IV ғасырдағы рим деректерінде Аорс тайпасы атауымен кездеседі (римдік атау). Олардың дұрыс аты «Арыс» екенін XI ғасырда Кавказдағы Авар нуцальдігін билеген Рус әулеті шежіресі дәлелдейді. Арыс елі Рим империясымен жақын қатынас (кемелі скифтердің Римге жорықтары заманында) орнатып, атауларын Аорс еткен. Қырымға жақын далаға VII ғасырда орныққан қазақтар Аорс елін «орыс» деп атап кеткен. Оғыз диалекті хазар мен бұлғарлар болса «орыс» атауын «урус» деп дыбыстаған және осы соңғы атау араб жазбалары арқылы тарихқа енді.

Ал сакалиба елінің атауы дұрысында – сак албан. Сақ халқының албан тайпасы болғандықтан, парсылар оларды «сакалбан» деп атаған. Закавказье I-V ғасырлар арасында Албания деп аталды. Қәзіргі еуропалық Албания елі Қырымнан барған сақалбандардан (сакалиба) қалыптасқан. Албания мен Ресейді орнатқан топ – Рюрик-бюрик (бөрі-бөрік) әулеті. Сондықтан Албания мен Ресей гербтері бірдей. Албанға жақын сыбан тайпасы «саксыбан» деп аталғанын Арыс халқы жайлы мақаламызда толық көрсеткенбіз (Грузияда сван елі әлі бар, Арменияда Сван көлі бар, азербайжандар құрамында көшпенді шахсеван (сақсыбан) тобы бар).  Яғни, Кавказдағы және Қырымдағы шахсеван (сван) мен сакалбан дегендер біздің оңтүстіктен ертеде барған сақ тайпалары. Яғни, қазақтың албан мен сыбан (оны орыстар кирилицадағы шежіреге «суан» деп енгізген) тайпаларыежелден бар сақ тайпалары.

Әл Масуди урус пен сакалбан елдерінің жабайы дәстүрлерін қарапайым және әдепті түрде баяндайды. Ол Ибн Фадлан тәрізді анайы деректер бермейді және өзге елдер туралы баяндағанда дөрекі сөздер қолданбайды. Ресей тарихшылары Ибн Фадлан жазбасын «аса сенімді» деп асыра жарнамалаудан жалықпайды. Ал Әл Масуди жазбасын әдейі шым-шытырық етіп орысшалап, оны сенімсіз жазба деп сендіруге тырысады. Анығында, бәрі керісінше екенін көзі қарақты оқырман осы мақалалар арқылы түсінер деген сенімдеміз.

Әл Масуди деректерін ары қарай жалғастырсақ: «Большинство в этой  стране составляют мусульмане, так как из них состоит царское войско. Они известны в городе как арсийа, и они являются переселенцами из окрестностей Хорезма. В давние времена после возникновения ислама в их стране разразилась война и вспыхнула чума, и они переселились к хазарскому царю. Они доблестны и храбры и служат главной опорой царя в его войнах. Они остались в его владениях на определенных условиях, одним из которых было то, что они будут открыто исповедовать свою веру, иметь мечети и призыв к молитве; также, что должность царского вазира будет сохраняться за ними, как и в настоящее время вазиром является один из них, Ахмад б. Куйа; также что, когда у царя будет война с мусульманами, они будут стоять в его войске отдельно и не будут сражаться, но что они будут сражаться вместе с царем против других врагов — неверных. В настоящее время около 7 тыс. из них садятся на коня вместе с царем, вооруженные луками, облаченные в панцири, шлемы и кольчуги. Среди них имеются и копейщики, вооруженные, как обычно у мусульман. У них есть и мусульманские судьи. Среди восточных царей этих стран только хазарский царь имеет войска из отдаленных местностей. Всякий мусульманин в тех краях называется по имени этих ариси.».

Мұнда Хазар қағанаты халқының басым бөлігі мұсылмандар, олар Хорезм аймағынан шыққан ариси деген тайпа дейді. Түркімендер құрамында арсарылар деген үлкен тайпа бар, Хазар патшалығында әскер болған ариси елі мен түркімендердің арсары тайпасы туыс десек, қателеспейміз («арыслар» атауы «арсарылар» болып аздап өзгерген). Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзенінің атауы ежелгі Арыс (арийцы) елінен қалған естелік. Жоғарыда урус елінің өз атауы арыс екенін айттық. Сондықтан Хазар қағанаты әскері болған ариси елі мен сол жерде әскери қызмет атқарған урус (рус) өкілдері өзара туыстар десе де болады. Алайда, Еуразия аймағындағы барлық елдер мен мемлекеттерді ежелгі Хунь империясынан билік дәстүрі қалыптасқан Асылұяң (силюань) династиясы басқарғаны даусыз (Хазарияны билеген Түркі Ашина тобыда сол династияға жатады).

Ариси елі мұсылмандыққа өте берік екенін олар мен Хазар патшасы арасындағы келісім көрсетеді. Арисилер мұсылмандармен соғыспайтын, тек дінсіздер мен өзге дінділермен ғана соғысуға рұқсат ететін шартты ұстанған. Сонымен қатар Хазар қағанатындағы бас уәзір лауазымы келісім бойынша ариси елін билеген әулетке (Куа руы) тиесілі болған. XI ғасырдағы Киев княздігі араб жазбаларында «Куаб» деп көрсетілген. Шамасы, Куаб қаласы атауы Хазар қағанатында бас уәзірлікті иеленген Куа әулетімен байланысты тәрізді. Өйткені, Киев княздігін урус пен чорноклобук топтары одағы билегені мәлім. Олар XI ғасырда Тбилисиден қуылған қарапапах тобы мен Хазар қағанаты жойылғанда барған урус тобы деген дұрыс. Сонымен қатар Киевтегі «хазар қақпасы» мен ол жерден табылған хазарлық еврей жазбалары Хазар қағанатын билеген еврейлер де Куаб (Киев) қаласынан пана тапқанын айғақтайды.

Әл Масудидің келесі дерегіне көз жүгіртіп көрейік: «В его стране, помимо арисийа, находится много мусульманских купцов и ремесленников, которые наехали в страну хазарского царя ввиду справедливости и безопасности, там. У них есть соборная мечеть с минаретом, который возвышается над царским замком, а также и другие мечети со школами, в которых дети обучаются Корану. В хазарской столице по правилу семь судей (кади); два из них для мусульман; два – для хазар, которые судят в соответствии с Торой; два – для христиан, которые судят в соответствии с Евангелием, и один для сакалиба, русов и других язычников, которые судят согласно языческому, т. е. по велениям разума. А когда представится случай большой важности, для которого у них нет знания, они собираются у мусульманских кади, судятся перед ними и следуют тому, что надлежит по шариату».

Құжатта әділетті және қауіпсіз болғандықтан, Хазар қағанатынан көптеген мұсылмандар пана тапқанын айтылған. Сондай-ақ мемлекетте мешіттер мен медреселер жеткілікті екенін, әр дін өкілдерінің өз хадилары (судия) барын, өз сенімдеріндегі даулы мәселеде жауап таппағандар мұсылман хадидің төрелігіне жүгінетінін баяндайды.

Енді Хазар қағанатын билегендер жайлы деректерге назар салайық: «...В том, что мы сообщили, мы собственно имели в виду не царя хазар, а хакана. В действительности в хазарском государстве имеется хакан и существует правило, чтобы он находился в руках другого царя и в его дворце. Хакан пребывает внутри замка и не может ни выезжать, ни появляться перед придворными и народом, ни покидать свое жилище, где вместе с ним живет его семья. От него не исходят ни приказы, ни запрещения, и он не принимает решений в государственных делах. Однако царь не управлял бы Хазарским царством должным образом, если бы хакан не был при нем в столице и бок о бок с ним в замке. Когда Хазарское царство постигнет голод или другое какое-нибудь бедствие, или когда против него обернется война с другим народом, или какое-нибудь несчастье неожиданно обрушится на страну, знатные люди и простой народ идут толпой к царю и говорят: “Мы рассмотрели приметы этого хакана и дней его, и мы считаем их зловещими. Так убей же его или передай нам, чтобы мы его убили”. Иногда он выдает им хакана, и они убивают его; иногда он убивает его сам; а иногда он жалеет и защищает его, в том случае если он не совершал никакого преступления, за которое он заслуживал бы, и не был повинен ни в каком грехе. Я не знаю, древен ли такой порядок или нов, но раз должность этого хакана принадлежит членам некой семьи из их знати, я полагаю, что власть находилась у этой семьи издавна, но один Господь бог всеведущ».

Бұл тарихи құжат Хазар қағанатында патша мен хан қатар болғанын, нақты билік патшада екенін, ал хан тек билік символы міндетін атқарғаынын жеткізеді. Анығында, хан патшаның тұтқыны екен, ырымшыл халық немесе патша қаласа ханның көзін жоя алады. Анығында, Хазар қағанатын еврей ұлтынан шыққан патша билегенін, олар, мемлекетте Асылұялық заңды билік дәстүрі сақталғанына халықты сендіру үшін Түркі Ашина тобы өкілін хан ретінде жандарында ұстағанын көреміз. Қазір әлемді билейтін еврей топтары ең алғаш рет Хазар қағанатында өзге жұрттарды билеу тәжірбиесінен өткен екен. Олар ежелден Еуразия аймағын билеп келген Асылұя династиясының тәжірбиелерінен сабақ алған деу орынды.

Тат қызының баласы, яғни, анасы еврей болған Темірлан да таққа Шыңғысхан ұрпағын отырғызып, өзі оның сыртынан толық билік жүргізгені белгілі. Темірланды билікке жеткізген нағашы жұрты екеніне және ол нағашыларының ақылымен билік еткеніне бұхар еврейлерінің сол заманды «алтын ғасырымыз» деп танитыны, Темірланның еврей мен христиандарға тиіспей, негізінен мұсылман халықтарды қырғынға ұшыратқаны, еуропалық христиандардың крест жорықтарына тосқауыл болған Баязит сұлтанның елін ойрандағаны, христиандық жайлаған Ресей княздіктерінің топтасып қауіпті күшке айналуына тоқтау болған Алтын орданы біржолата күйреткені куә. Демек, Темірланның нағашы жұрты – Хазар қағанатын билеген аталарының үлкен тәжірбиесін пайдаланған.

Тит патшаны (Иван Грозный) улап өлтіріп, Ресей тағына христиан дінді әулетті отырғызған (Асылұя династиясынан болмаған Романовтар әулеті)  иезуид ордені де Хазар қағанатын айламен билеген аталарының тәжірбиелеріне арқа сүйеген. Ресей билігінде отырғандар Асылұя тобынан емесін түсінген Емелян Пугачев бастаған казактар иезуидтердің үрейін ұшырғаны түсінікті. Ресей аймағы Алтын орда билігінде болды, одан кейін Қасым хан заманында Қазақ хандығына бағынышты болған. Қасым ханнан кейін оның ұлы Мамай хан Москва патшалығына Рюрик әулетінен өз жиенін отырғызған және Ресей патшалары Қазақ хандығына вассалды бағынышта болды.

Ресей халқы Қазақ хандығын «Қасым хандығы» деп атаған. Дегенмен, оның Қазақ хандығы екенін барша жұрт жақсы білді. Тит (Иван Грозный) патшаның өзі Қасым ханның ұрпағын бүкіл Ресейдің заңды билеушісі деп мойындағаны мәлім. Өйткені, Ресей билеушілері Қазақ хандығына вассалды бағынышта болатын. Ол – Бекболат Асүймен деген адам, яғни, өзін Асүй-Асылұя адамы деп таныған (оны иезуидтер Бекболат Симеон(ович) деп тарихқа енгізген). Пугачев те және оған ергендер де казактар еді, олар шоқынған қазақтар болатын. Ресей тағын иеленгендер Қасым хан мен Мамай хан отырғызған әулеттен еместігіне олардың көздері жетті (Асылұялық Рюрик тобынан еместігіне). Олар қазақ хандары енгізген дәстүрді қалпына келтіру үшін көтерілді, оларды басқанымен бүлік қайта шығуы мүмкін екенін иезуидтер жақсы түсінді. Сондықтан шұғыл түрде Москва маңындағы шағын қалашыққа «Касимовское ханство» деген атау бергізді. Қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммедті ұрлап апарып сол қуыршақ княздіктің ханы қылып сайлады.

Неге татар, башқыр, авар-кабардин немесе қырым хандары ұрпағын пайдаланбады. Өйткені, Ресей мен оның патшаларының Қазақ хандарына вассалдық бағынуы дәстүр болып қалыптасқан еді, оны казактар (шохынған қазақтар) жақсы білетін (татар, башқыр, авар, кабардин, қырымлардың өздеріне еш қатысы жоғын, өздерінің Қасым хан мен Мамай хан елінен екенін казактар ол заман ұмыта қоймаған). Ресейлік иезуидтер қазақ сұлтаны Ораз Мұхамед арқылы қалың казак жұртына «Ресейде дәстүрлі Қазақ (Қасым) хандығы билігі барын» көрсетуге, яғни казактарды тыныштандыруға қол жеткізді. Ол айлалары X ғасырда Хазар қағанатын билеген аталарының тәжірбиесінен алынғаны аңғарылады.

 Бекжан Әденұлы

(Жалғасы бар)

Abai.kz

91 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592