Қазақстан энергетика саласын жаңғырту үшін 2015 жылға дейін 7 млрд. доллар жұмсамақ- Әсет Исекешов
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Қазақстан энергетика саласын жаңғырту үшін 2015 жылға дейін 7 миллиард доллар жұмсамақ.
Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші пленарлық мәжілісінде Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологяилар министрі Әсет Исекешов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, энергетика саласы бойынша жаңғырту шараларының басты құралы - электр энергиясына деген шектелген тариф болады. «Бұл салада инвестициялық келісімдер бар және олардың саны қазіргі таңда 68-ге жетіп отыр. Олар осы уақыттың өзінде жүзеге асуда. Аталмыш келісімдер бойынша биылғы жылы 900 миллион доллар инвестиция бөлініп, 800 мегават қуат іске қосылады. 2015 жылға дейін инвестициялық келісімдердің нәтижесінде энергетика саласына 7 миллиард доллар бөлінетін болады»,-деді министр.