Жексенбі, 24 Қараша 2024
3129 0 пікір 22 Ақпан, 2019 сағат 10:31

Өзбек газы Қазақстан транзиті арқылы Ташкентке жеткізілді

Өзбек газы Қазақстан аумағы арқылы Ташкентке жеткізіле бастады. Бұл туралы 20 ақпанда Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Қазақстан арқылы жеткізілетін табиғи газ Ташкентті қыс уақытында қамтамасыз етеді. Бұған қоса Қазақстанның оңтүстігі табиғи газбен қамтылады.

"Бір мың текше метр газдың транзиттік тарифі $2,9 тұрады, өйткені Қазақстан оңстүстік аймақтады өзбек транзиті арқылы газбен қамтамасыз етіп отыр", - деді Бозымбаев.

2018 жылдың аяғында "Өзтрансга" мен "ҚазТрансГаз" алғаш рет табиғи газды Ташкентке Қазақстан аумағы арқылы жеткізу туралы келісім жасады.

Құжатқа сәйкес, бір миллиард текше метр өзбек газы Қазақстан арқылы Ташкентке Газли - Шымкент және Бұхара - Газли - Ташкент - Бішкек - Алматы газ құбырлары арқылы жеткізіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592