Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3023 5 пікір 22 Ақпан, 2019 сағат 11:33

Үкіметтің отставкасын емес, технология мен ғылымды айтсақ қайтеді?! 

Мен үшін өткен түн ғарышты зерттеуге қатысты қызық оқиғалармен есте қалды. Түнде Жапондар ұшырған «Хаябуса-2» аппараты Жерден 290 млн шақырым қашықтықтағы Рюгу астероидынан «бір уыс топырақ алды».
Астероидтың кедір-бұдыр бетіне қону қиынға соққандықтан жапон ғалымдары оның бетіне аппаратты тек бірнеше секундқа ғана қондырып, кері ұшыруға бел байлапты. Диаметрі небары 6 метр болатын алаңға қонған аппарат топырақ алған соң, кері ұшып, астероидтан 20 шақырым биікке көтеріліп кетіпті. Көктемде «Хаябуса-2» астероидқа қайта қонып, оның беткі топырағын емес, аздап «шұңқыр қазып», қыртысынан бір шымшым топырақ алады екен.

Сөйтіп, астероидтан алған топырақ үлгісін 2020 жылы Жерге жеткізеді дейді. «Армагеддон» фильмінен айырмашылығы «Хаябуса-2» -де Брюс Уиллис жоқ. Айтпақшы, жапондар Рюгу астериодына өткен жылы MINERVA-II1A және MINERVA-II1B деген минироботтар қондырған. Әлі роботтар астериодтан біраз фотолар жіберіпті. Өздері секіріп жүретін дүниелер болса керек. Бірақ, соңғы кездері байланыс болмай қалған. Оларды астероидқа апарған осы «Хаябуса-2» еді.

Ал, америкалықтар болса, түнде Falcon-9 зымыран тасығышын ұшырды. Оның бірінші сатыдағы қозғалтқышы ғарышқа үшінші рет көтеріліп, Жерге аман-есен қоныпты. Илон Маск оны төртінші рет пайдаланатынын айтты. Crew Dragon апатты құтқару жүйесін тексеру кезінде пайдаланбақ екен. Бұл жолы Falcon-9 ғарышқа Израильдің SpaceIL Beresheet платформасын шығарды. Ол Ай бетіне қонатын көрінеді.

Сонымен бірге, орыстар кеше кешке Байқоңырдан «Союз-2» зымыранын ұшырған. Ол ғарышқа Мысырдың Egyptsat-A жер серігін алып шықты. Басында мысырлық аппарат байланысқа шықпай қалды дескен. Кейін бәрі қалпына келгенге ұқсайды. «Роскосмос» «бәрі дұрыс» деген мәлімдеме жасапты.

Амангелді Құрметұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588