Ресей басшылығы қазақ, украин, құрамындағы өзге де ұлттардан тізерлеп кешірім сұрай ма?
1970 жылы Вилли Врандт Варшава геттосына барған сәтте, не айтарын білмей тізерлей кеткені белгілі. Бұл қылығын басында көбі түсінбеді. Өйткені белгілі бір ұлттарға жасаған қылмысы үшін адамзат оған дейін кешірім сұрамаған еді ғой.
2000 жылы канцлер Йоханнес Рау тағы да еврейлерден ата-бабалары жасаған қылмысы үшін бас иіп, кешірім сұрады. Сол жылы Польша басшысы Александр Квашневский еврейлерді өлтіруге поляктардың қатысқанына өкіне отырып, поляк халқының атынан кешірім сұрады.
Мұндай жағдай өркениетті елдерде үнемі болып тұрады. Ата-бабасы жасаған қылмысы үшін, ұрпағы жауап бермесі анық. Әкесі кінәлі болса, ұлын соттау ақымақтық. Алайда әкесінің қылмысы үшін баласы кешірім сұраса - Адамдық!
Сол адамдық қасиетке салып 140 жыл өткен соң Жаңа Зеландия мен Ұлыбритания басшылығы маори халқынан кешірім сұрады. Сол адамдыққа сүйеніп 2008 жылы АҚШ Конгрессі қара нәсілділерден кешірім өтінді. Әрине ондай қылықтар, әлем бойынша өте көп.
Күндердің бір күнінде Ресей басшылығы қазақ, қырғыз, украин, құрамындағы өзге де ұлттардан дәл осылай кешірім сұрауы мүмкін бе? Әй қайдам, ол үшін алдымен бұл елге өркениеттілік деген биік сана келуі тиіс қой.
Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан
Abai.kz