Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3546 4 пікір 22 Ақпан, 2019 сағат 15:56

«Зайырлылық пен діндарлықтың арасында конфликт болмауы керек»

Өзімнің кәсіби қызметіме орай діни сипаттағы іс-шараларда аз болмаймын. Бұл салада көп жылдан бері жұмыс істей жүріп еліміздегі дін саласындағы шамасы көп адам мән бере бермейтін кейбір үрдістерді байқаймын.

Бұл тақырыпта көп нәрсе жазуға болады, бірақ мен діни бірлестіктердің
діни іс-шараларының біздерді ойлануға және оларды шешудің дұрыс
жолдарын табуға мәжбүрлейтін бірнеше аспектілерін ғана бөліп көрсеткім
келеді.

Біріншіден, халықтың дінге қызығушылығы артып келеді, діни іс-
шараларға дінге терең сенетіндер ғана емес, жай адамдар да көптеп
қатысады. Осыған байланысты бұл қызығушылықты адамның өзін-өзі
тұлғалық жетілдіруіне, дінге сенетін азаматтардың игіліктің, моралдың және
адамгершіліктің жалпы адами оң құндылықтарын қабылдауы арқылы
қоғамдағы руханилықты арттыруға бағыттау маңызды. Яғни біз үшін әрбір
дінге сенетін адамның діндарлығы дінге сенетін және зайырлы адамдар
арасында бөлінушілік пен түсініспеушіліктің артуына емес, қоғам
жағдайының жақсаруына ықпал етуі маңызды. Тиісінше кез келген діни іс-
шараларда аталған құндылықтар насихатталатын болса, сонда ғана оны тек
қана дінге сенушілер емес, жалпы қоғам оң қабылдап, қолдайтын болады,
Мүфтият үшін де еліміздің басқа діни бірлестіктері үшін де, діни іс-
шаралардың осындай қосымша мақсаттары мен мәні олардың қоғам үшін
пайдалылығының өлшемі болуға тиіс.

Екіншіден, діни іс-шараларда біз діни құндылықтардың белсенді
насихатталатынын көреміз. Әрине, бұл мұндай іс-шаралардың басты мақсаты және ол қисынды да. Сонымен бірге, діни мәселелер туралы сөз болғанда біздің дінге сенуші адамдар арасында патриотизм мен отанды сүю
құндылықтарын ілгерілетудің, өз тілімізді, көпғасырлық мәдениетіміз бен
Қазақстан халқының бай тарихын құрметтеудің маңыздылығын
ұмытпауымыз керек. Біз ең алдымен өзіміз мақтан тұтатын еліміздің
азаматтарымыз.

Егер үстіміздегі жылы желтоқсанда еліміздің барлық өңірлерінде, әсіресе
Астана қаласында республикалық деңгейде өткен көптеген діни іс-шаралар
туралы айтар болсақ, онда діни тақырыптармен қатар мемлекетіміздің
тәуелсіздігі, оның рәміздері, Қазақстан тәуелсіздігінің адамдар, ұлттар және
жалпы қоғам үшін маңыздылығы туралы да айтылу тиіс шығар. Өйткені
еліміздің тәуелсіздігінің арқасында біз еркін елде өмір сүріп жатырмыз, өз
тілімізде сөйлейміз, өз мәдениетімізді дамытудамыз, аталарымыздың дініне
сеніп, мешіттер мен храмдар және т.б. сала аламыз. Бұл барлық діни
бірлестіктерге қатысты.

Үшіншіден, діни іс-шараларда дінге сенуші азаматтар арасында дінді
насихаттау, өкінішке орай, кейде зайырлыға қарсы қою жолымен жүргізіледі.
Бұл ретте барлық жақсы қасиеттер күні бұрын дінге сенетін адамдарға, ал
жамандары дінге сенбейтіндерге таңылады. Атап айтқанда, уағызшылардың
кейбір сөздерінде, дінге сенетін ақындардың орындауларында зайырлы
адамдардың қатыгез немесе паң адамдар, тәрбие көрмеген және құндылық
деңгейі төмен, ойын-сауықтарға қатысушы және ішімдікке салынған адамдар
ретінде көрсетілуі сирек емес.

Иә, қоғамдағы жат қылықтармен күресу керек, бірақ ол үшін бірінші
кезекте азаматтардың жалпы мәдени деңгейін көтеру қажет. Жақсы білім
алудың, отбасындағы тәрбиенің қажеттігі туралы, жастардың бойына жалпы
адами құндылықтарды, еңбек сүйгіштік пен әділдікті сіңіру туралы айту
маңызды. Бірақ бүкіл күнәға барлық зайырлы адамдарды айыптауға
болмайды! Зайырлы адамдардың басым бөлігі парасатты адамдар және олар әр күн сайын түрлі салаларда еліміздің дамуына орасан үлестерін қосуда. Бұл ретте, дінге қатты сенетін, бірақ еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын адамдарды табуға болады. Сондықтан қарсы қоюдың көмегімен дінді насихаттаудың мұндай әдістерін пайдалану кері нәтиже беріп, қазақстандық қоғамның бірігуі мен нығаюына ықпал етпейді.

Төртіншіден, адамның жүрегіне жету үшін қарсы қою жолымен
жүрмей, дінге сенуші адамдардың үлгілі мінез-құлқын көрсету қажет.
Қоғамда дінге сенетін адамдардың өз кәсіптерінде, ғылым мен техниканы
тануда үздік болуы мысалдарын ілгерілету қажет. Бұл жерде «Тауларды
аласартпай даланы ұлықтау!» сөз өте орынды болмақ.

Бұл ретте діни қайраткерлердің дін саласында көптеген
проблемалардың бар екенін және уағыздары мен көпшілік діни іс-шараларда
оларды айтпай қалу оларды шешуге ықпал етпейтінін ұмытпағаны жөн. Дінге
сенушілер мен кейбір имамдардың өздерінің діни білімдерінің нашарлығын
неге айтпасқа? Олардың арасындағы кейбір лайықсыз мінез-құлық фактілері
туралы? Мұсылмандардың лайықты моралдық - имандылық бейнесі туралы?
Қаржылық ашықтық пен адалдық туралы? Халықты алдай алмайсың,
адамдар бәрібір діни қайраткерлердің кейбір проблемаларын сөз ететін
болады.

Діни бірлестіктер өз проблемалары туралы бөгде ұйымдар немесе азаматтар
емес, өздері айтып, шешуге тырысса жақсы емес пе!?

Бесіншіден, бұрын аударылмай, бұқара халыққа түпнұсқа тілде – араб
тілінде таратылған діни мәтіндерді дінге сенуші адамдарға жеткізуде қазақ
тілін пайдаланудың жақсы үрдісі байқалады. Бұл өте дұрыс және барша
қоғам үшін пайдалы, өйткені діни мәтіндерді мағынасын түсінбей құр
тыңдап немесе жаттап алмай, ондағы айтылғандарды ой-елегінен өткізетін
болады.

Аударма сондай-ақ күрделі діни уағыздарды түсінікті және қазақстандық
қазіргі қоғамға бейімделген мәтіндерге айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл
үрдісті қолдау және дамыту маңызды.

Ғалым Шойкиннің «Facebook» парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578