«Біз боксымыздың деңгейі өсіп келе жатқандығын шаршы алаңда дәлелдеуіміз керек» - республикалық басылымдарға шолу
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 19 мамыр, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
***
«Кеше Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы шет ел инвесторлары кеңесінің 24-ші пленарлық отырысы болып өтті. Ол «Қазақстандық кәсіпорындарды жаңғырту және жаңарту» деген тақырыпқа арналды», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі нөміріндегі «Жаңғыру мен жаңару» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше, алқалы жиынды қорыта келе Елбасы үстіміздегі жылы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге байланысты жоғары деңгейдегі экономикалық форумдар мен шаралар өткізу жоспарланып отырғандығын айта келе, шет ел инвесторлары кеңесінің келесі мерейтойлық 25-ші отырысын 2012 жылдың 22 мамырында Астанада, V Астана экономикалық форумының қарсаңында өткізуді ұсынды.

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, кеше ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов біздің елге алғаш рет ресми сапармен келген өзінің малайзиялық әріптесі Дато Шри Анифа Аманмен кездесу өткізді. Кездесу аясында екіжақты ынтымақтастық және Қазақстан мен Малайзияның халықаралық қоғамдастық пен ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі кезекті кездесуге дайындық мәселелері қарастырылды. Аталған кездесу Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдул Разактың Қазақстанға жауапты сапары аясында маусым айында жасалады. Сонымен қатар сол сапар шеңберінде Разактың 7-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумына да қатысуы жоспарланған.
***
Өткен аптада ЕурАзЭҚ, ТМД ұйымдарының Парламенттік Ассамблея отырыстарына қатысып, құр мақтаннан гөрі омырауға орден тағып қайтқан қазақстандық мәжілісмендердің кешегі отырысы әп-әдемі, көтеріңкі көңілмен басталып-ақ еді. Мәжіліс төрағасы да жиынды халықаралық деңгейде көзге түскендерді марапаттаудан бастаған-ды. Дегенмен «Алаш айнасы» газетінің атап өтуінше, осы мамыражай күйді Ирак Елекеевтің әріптестеріне қарата жасаған Парламентті тарату туралы үндеуі құртыпты. Бұл жайында тереңірек білгіңіз келсе, бүгінгі нөмірдегі «Ұсыныс айтылды, Мәжіліс тарай ма?» деген мқала назарыңызда болсын. «Сөйтіп кешегі жиында «мүлгіген» Мәжіліс мазасыздыққа шалдықты. Тіпті жиынның берекеті кетті десе де болады. Жетекшілікте отырған Жәнібек Кәрібжанов залдағы тыныштықты үш қайтара сұрады. Әріптесіне қарап пікір айтушылар да екіге жарылды. Дегенмен, көпшілігі «қабілетсіздікке», «лоббистікке» қатысты мәселені мойындайтындай», - деп жазады басылым.
Осы басылымның тұрақты «Дат!» айдарында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен арадағы сұхбат «Біз боксымыздың деңгейі өсіп келе жатқандығын шаршы алаңда дәлелдеуіміз керек» деген тақырыппен берілген. Басылымның барлық сауалдарына тұщымды жауап берген бапкер: «Дәл қазір бізде, Қазақстанда, ақша, қаражат жағы проблема емес деп ойлаймын. Бізге Ұлттық бокс федерациясы қолынан келген барлық жағдайды жасауда, демеп-жебеп отыр. ҚР Туризм және спорт министрлігі де көмегін аяп отырған жоқ, қолдап, көмектесіп отыр. түптеп келгенде, мұның бәрі - Елбасының саясаты», - дейді.
***
Перудің астанасы Лима қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі өткені жайында «Айқын» газеті бұған дейін де хабарлаған еді. Төрткүл дүниенің аса дарынды жастары бас қосқан аталмыш жарыста жасындай жарқылдап, жеңіс тұғырына көтерілген жерлестеріміз - Надежда Ногай мен Әділбек Балқаев кеше елге оралды. Осыған орай аталған газетте «Төрткүл дүниені тамсандырды» деген тақырыппен мақала жарияланды. «Надежда Ногай екінші орын алған мексикалық Гладис Пласенсиа Буенодан бақандай 48 келі салмақ артық көтерді. Қола медаль алған тайпейлік Лу Юнг Юань жерлесімізден 73 келі қалып қойды. Яғни бүгінгі таңда Надеждаға төрткүл дүниеде тең келер ешкім жоқ екеніне көпшілік анық көз жеткізді», - деп жазады басылым.
***
«Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші пленарлық отырысының аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, «ТелиаСонера» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Ларс Нибергпен кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Біз ұялы байланыстың орнын толтыру және мәліметтер беру жылдамдығын одан әрі арттыру мәселелерін талқыладық. Біз Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейміз және жақсы нәтижелерге жеттік. Біз осында қалыптасқан бизнес ортадағы сенімділікті шын мәнінде бастан өткердік. Қазақстанда инвестициялық бағдарламаны жалғастыру үшін бізде көптеген перспективалар бар деп білемін», - деді Л.Ниберг журналистерге арналған брифинг кезінде.