Арқалықта адамдардың қауіпсіз жерге көшірілуіне танкіге қарсы қолданылатын мина себеп болды
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Арқалықта танкіге қарсы қолданылатын мина табылып, 4 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, «Петро Металл Групп» ЖШС аумағында аталған компанияның басшысы сыртында «УМВЧ-62» деген жазуы бар, танкіге қарсы қолданылатын минаға ұқсас зат тауып алған. ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері келгенше ішкі істер қызметкерлері зат табылған аумақты қоршауға алған. 4 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 9 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.