Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4231 0 пікір 27 Ақпан, 2019 сағат 10:35

Қырғыз журналисі Ұлықбек Бабакулов Франциядан саяси баспана алды

Ұлт араздығын тудырған деген күдікке ілініп, екі жыл бұрын Қырғызстаннан кеткен журналист Ұлықбек Бабакулов Франциядан саяси баспана алды.

Журналистің "Фергане.ру" сайтына хабалауынша, 25 ақпанда ол Францияның босқындар ісі және азаматтығы жоқ адамдар жөніндегі басқармасынан (OFPRA) хабар алған. Онда: "Сіз басқарманың құқықтық және әкімшілік қорғауына алындыңыз" делінген.

Бабакуловтың айтуынша, журналист он жыл көлемінде отанына қайтып орала алмайды. "Ел билігі маған қарсы жалған қылмыстық іс қозғап, билікке бағынышты ақпарат құралдары арқылы мені қаралады. Франция билігі маған және отбасыма босқын мәртебесін беріп, осында орнығуыма жағдай жасап отыр", - деді журналист.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Бабакуловқа қарсы қылмыстық істі 2017 жылы 9 маусымда қозғаған. Оған Fergananews.com және басқа да сайттарда "арандатушылық сипатқа ие материалдар жариялады" деген айып тағылған.

Журналистің өзі бұл айыптарды жоққа шығарып, өзін экс-президент Алмазбек Атамбаев қудалады деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 853
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2247
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 572
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 548