24 мамырда Алматыда жер сілкіну қаупі туындаған жағдайда халықты құлақтандыру бойынша сейсможаттығу өткізіледі
АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2011 жылдың 24 мамырында Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкіну қаупі туындаған жағдайда халықты құлақтандыру бойынша сейсможаттығу өткізеді.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Электросиреналар мен үш бағдарламалық хабар тарататын радиотрансляциялық тораб арқылы: «Барлықтарыңыздың назарыңызға! Алматы қаласында сейсможаттығу өткізіліп жатыр. Қала тұрғындарын жер сілкінісі қаупі туындаған жағдайда іс-әрекеттер қолдануды сұраймыз. Дабыл оқыту мақсатта берілді», - мәтіндегі дабылдар берілетін болады.
Күн сайын тәулігіне үш рет - сағат 11.00, 16.00 және 20.00-де радиотрансляциялық тораб арқылы алдағы сейсможаттығу туралы хабарланып тұратын болады. Сондай-ақ сейсможаттығу туралы ақпарат барлық БАҚ-ға таратылды.
Алматы қаласы бойынша ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарын сабырлылық танытып, сейсможаттығуды өткізуге белсенді қатысуға шақырды.
Онымен бірге, 20 мамырдан бастап Алматы қаласы бойынша ТЖД зілзала кезінде қолданылатын іс-қимылдарды пысықтау мақсатында нысандарда оқулар өткізіп жатыр. Оның барысында Департаменттің мамандары инструкторлық-әдістемелік ұсыныстар жасап, ғимараттардан эвакуация жасау жоспарларының сызбаларын пысықтауда.