Жексенбі, 24 Қараша 2024
2509 0 пікір 13 Ақпан, 2019 сағат 12:13

Түркістанда 2021 жылға дейін қала және ауыл тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеуі – халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірегей бастама. Үндеудің бесінші бастамасы - «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» деп аталады.

Бүгінде еліміздегі 9 облыс газбен қамтамасыз етілген. Алайда, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін - Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған–Қарағанды–Теміртау–Астана бағытында магистральді газ құбырын салу жобасы  жүзеге асырылатын болады.

Президенттің айтуынша, бұл жұмыстар үшін халықаралық қаржы институттарынан қаржы тартылатын болады. Нәтижесінде, 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, экология жақсаруына ықпал етеді. Мәселен, газға көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға азайтатын көрінеді.

Осы бастаманың аясында елімізде бірнеше маңызды жобалар қолға алынып, қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мәселен, былтырғы жылдың соңында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Ы.Жақаев және Бидайкөл елдімекендеріне табиғи газ тартылған. Аймақ басшысының айтуынша, ірі стратегиялық маңызы бар — "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне сәтті мүмкіндік берген. Нәтижесінде, облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашқан. Бұл Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудан орталықтарын және өткен жылы Байқоңыр қаласын газдандыруға мүмкіндік беріпті. Енді кент орталығынан бөлек ауылдық елдімекендерді де газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Сондай-ақ, биыл оңтүстік өңірде қайта түлеген Түркістан қаласы тұрғындарының да 60 пайызға жуығы табиғи газбен қамтылады. Ал, 2020 жылы қала толығымен табиғи газға көшетін еөрінеді.

Аймақ басшысының айтуынша, «Қаланы газбен қамту 3 кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр.  Бірінші кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп,  43 мыңға жуық қала тұрғынына табиғи газ берілген. Бүгінде екінші және үшінші кезеңнің құны 20 млрд. 271 млн теңгені құрайтын 11 жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталған көрінеді. Сонымен қатар, қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,8 пайызды құрап отыр. Есепті мерзімде 2 нысанның құрылысы аяқталып, қала аумағындағы 1566 абонент  сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, өңірдің 2018-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасында - nабиғи газбен қамтасыз ету үшін 2018 жылдан бастап ішкі орам жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, 2021 жылға дейін қала және ауыл тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамту жоспарланғаны айтылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613