Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5809 26 пікір 6 Наурыз, 2019 сағат 12:18

Жаңа министр Күләш апайымыз мына мәселелерге назар аударса...

Сағадиев "Жақсы жұмыс істедік", - деп өзіне-өзі баға беріпті. Күлдім де: Е, жөн, - дедім. Бір саланың ойран-ботқасын шығарған экстің есте қалар бір сөзі болды.

Ал жаңа министр Күләш апайымыздан Сағадиевтің отырған жеріне үйіп кеткен проблемасын күрекпен тазалап тастауды сұраймыз.

1) Оқулық жүйесін жөнге келтіріп, балалар бір әдістемемен оқыса! "Атамұраға" бір кітап, "Мектеп" баспасына бір кітап бастырып балалардың миын ашытып жүрген "Оқулық" орталығын жапса, я болмаса ақшаның жолынан шығарып, білім сүрлеуіне салса.

2) "Әліппе", "Ана тілі" қайта оралса. Бастауыш сынып балаларына әуелі мәтін оқытып, одан кейін әріп үйрететін қойыртпақ әдістеме доғарылса.

3) Жоғары сынып шәкірттері тест жаттауға уақытын сарп етпей шынайы білім алса.

4) Шет тілін жапон тәсілімен тек 5-6 сыныптан бастап енгізсе. Орыс тілі де осы санатта.

5) Кітап, дәптер санын кемітсе, бала біткен мүгедек болатын болды, ауыр.

6) Қияли авторларды ит қосып қуса, кейбірінің оқулыққа қосқан тапсырмасын бала түгілі ата-аналар жабылып шеше алмайды.

7) 7-8 сыныптарға арналған "Қазақ тілі" деген табиғаттану, анатомия, астрономия, биология, т.б. қосылған быламық кітаптың көзін құртып, ереже мен жаттығуға сүйенген қарапайым да ғұлама тіл пәнін қалпына келтірсе.

8)Сөздік шығаруды бизнеске айналдырып, "алма ағашы" дегенді біресе қосып, біресе бөлек жазып үлкен-кішіні жынды етіп жүрген "данышпан"-ғалымдарға тоқтау салса?! Тіл комитеті басқа құрылымда болғанымен ғалымдар осы кісіге қарайды.

9) Латын таңбасына қатысты жасалған емлені ашық талқыға салдырса, біраз шикілік бары көп айтылды. Бұл мәселеде "Іс бітті, қу кеттіге" жол беруге болмайды, әліпби шикі болса қазақ баласының миы айран болады. Өз тілінде ежіктеп сөйлейтін экстің бұл мәселеге зер салғаны, бір нәрсе түсінгені шамалы.

Міне, өстіп тізе беруге болады, білім саласы былығып кетті. Мұғалім, директор, осы саланың вице-министрі болған Күләш ханымның қолынан келер...

Серік Әбікенұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576