Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2375 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 06:54

Ресей мен Беларусь Қазақстанда бірлескен кәсіпорындарды құруға ниетті - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда Кедендік одақ мүшелері - Ресей мен Беларусь елдері Қазақстанда бірлескен кәсіпорындарды құруға ниет білдіріп отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сақташ Хасенов мәлім етті.

«Қазақстанның жері өте құнарлы, ал ауа-райы астық өнімдерін өсіруге аса қолайлы. Сондықтан біз егіннің жоғары сапалы сорттарын шығара аламыз. Кедендік одақ мүшелері - Ресей мен Беларусь елдері оны жақсы біледі. Қазіргі кезде осы елдердің жеке кәсіпкерлері Қазақстанда бірлесіп астық өсіруге ниет білдіріп отыр», - деді С.Хасенов.

Вице-министр атап көрсеткендей, бірлескен кәсіпорындарды құрған кезде акциялардың басым бөлігі Қазақстан жағында болуы тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415