Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3571 0 пікір 25 Мамыр, 2011 сағат 03:22

Бақтыбай Айнабеков. Мен іздеген ғалым Саят түрмеде отыр, неге?

Бисмиллаһир Рахманир Рахим

Бәріміз;«Астындағы атын алты ай іздеген»- қазақтың ұрпағымыз ғой...

Өркениет әлемінде  ілім негізінен екіге бөлінеді. Бірі - ғақли, екіншісі - ладуни. Алғашқысы бәрімізге етене таныс кәдімгі өзіміз оқып үйренген, күнделікті көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүрген адамның өре санасының жеткен жерімен пайымдауы арқылы игерілетін  ғылым. Бұл ғақлия ғылымының еркін өрістегені соншалық қазір бір маман иесі бола тұра, бір-бірінің ғылымын түсінбейтін ғалымдарды ұшырата  бастадық. Әрине, ғалымдар арасында қалыптаса бастаған  бұл алшақтық түбі жақсылыққа апармасы белгілі. Ғалымдардың ой сана мен мақсат бағдарларының үндестігі болмаса, ғылым дамуының бұл бет алысы түбі құрдымға соқтырады... Сондықтанда болар, соңғы жылдары еліміздегі өзіміз білетін  бұл ілімнің  хал ахуалы пәлендей мәз болмай, өзінің тарихи қалыптасқан асыл арнасынан жиі адасып, жасанды тоқырауларға ұшырауда. Бұған нақтылы дәлел - Кеңес Үкіметі кезінде мемлекеттік аса абройлы мекеме ретінде жұмыс жасап келген Ұлттық Ғылым Академиясы бүгінгі таңда қауқарсыз қоғамдық ұйым дәрежесіне түсті, белгілі ғалымдарымыз мемлекет қамқорлығының жетімсіздігінен  шет ел асып кетуде, кешегі қабылданған «Ғылым туралы» Заң  ғалымдарымыз шағым айтып шуылдап жатқанындай  әлі де болса шикі...

Бисмиллаһир Рахманир Рахим

Бәріміз;«Астындағы атын алты ай іздеген»- қазақтың ұрпағымыз ғой...

Өркениет әлемінде  ілім негізінен екіге бөлінеді. Бірі - ғақли, екіншісі - ладуни. Алғашқысы бәрімізге етене таныс кәдімгі өзіміз оқып үйренген, күнделікті көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүрген адамның өре санасының жеткен жерімен пайымдауы арқылы игерілетін  ғылым. Бұл ғақлия ғылымының еркін өрістегені соншалық қазір бір маман иесі бола тұра, бір-бірінің ғылымын түсінбейтін ғалымдарды ұшырата  бастадық. Әрине, ғалымдар арасында қалыптаса бастаған  бұл алшақтық түбі жақсылыққа апармасы белгілі. Ғалымдардың ой сана мен мақсат бағдарларының үндестігі болмаса, ғылым дамуының бұл бет алысы түбі құрдымға соқтырады... Сондықтанда болар, соңғы жылдары еліміздегі өзіміз білетін  бұл ілімнің  хал ахуалы пәлендей мәз болмай, өзінің тарихи қалыптасқан асыл арнасынан жиі адасып, жасанды тоқырауларға ұшырауда. Бұған нақтылы дәлел - Кеңес Үкіметі кезінде мемлекеттік аса абройлы мекеме ретінде жұмыс жасап келген Ұлттық Ғылым Академиясы бүгінгі таңда қауқарсыз қоғамдық ұйым дәрежесіне түсті, белгілі ғалымдарымыз мемлекет қамқорлығының жетімсіздігінен  шет ел асып кетуде, кешегі қабылданған «Ғылым туралы» Заң  ғалымдарымыз шағым айтып шуылдап жатқанындай  әлі де болса шикі...

Әрине, еліміздің стратегиялық дамуының  басым бағыты саналатын Отандық ғылымның мұндай дәрменсіз  күн кешіп отыруы кімді де болса ойландыруы тиіс. Дегенмен, бұл ілімнің қимыл тіршілігіне аз да болса шүкіршілік айтуға болады. Өйткені, жақсылы- жаманды жеке дара болмаса да білім жүйесімен біріккен өз министрлігі, қалыптасқан қалың армиясы, жоқтаушысы бар. Бытырап, берекесізденіп отырғанымен үкімет тарапынан  назардан тыс қалып көрген емес.

Екіншісі - ладуни ілімі. Ғылымдардың басы мен соңы болып саналатын бұл мұғжиза ілім ғылымның барлық саласын қамтиды. Әрине, әзірше атауы естір қазақы құлаққа тосындау естілуі мүмкін. Өйткені бұл ілімнің біздің елде әлі күнге толыққанды жүйесі қалыптаспақ түгілі, төл жанашыры, ілім есебінде жұмысын жандандырар ел білетін иесі табылмай келеді. Нақтылы дәлел - жыл жарым уақыт көкбарға түсіп әзер қабылданған «Ғылым туралы» Заң жобасында бұл ілім туралы жалғыз ауыз сөз де енгізілмеген. Енгізілмек түгілі министрлікте аталынған ілімді ілім есебінде  мойындағысы келмейтіндер де жетіп артылады. Осындай пәтуасыздықтан атауы көп мұғжиза ладуни ілімін аз-кем ғалымдарымыз осы ілімнің негізін қалаған белгілі шығыс ғұламалары жазып кеткендей фәлсафа немесе хикмет ілімі ретінде таныса, екінші бір шағын топ Абай мен Шәкәрімнің айтуынша толық адам танымы немесе ар ілімі, ал үшінші бір болымсыз топ қазақтың өз табиғатына жақындатып, Алланың аян ілімі (Құдай тану). ретінде атап жүр. Жалпы бұл ілім жүрек тазалығымен келетін ілім. Бұл ғылымның иелері, құдіретті Кәміл адам герметикалық немесе тылсымдық (мистикалық) ойлау менталитеті қасиеттеріне иелік етеді. Олар эзотериктер. Бұл ілімнің құпиясы мен сыры ішіне бүгілген. Бойында тумысынан ерекше қабылдау қасиеті жоқ адам игере алмайды.

Мен осы ілімнің ғұламасы ретінде емес, ықыласты жанашыры ретінде білген ойларымды тұжырымдап, екі жыл бұрын «Фәлсафа - Алланың аян ілімі» («Қазақпарат», 2009 ж.) атты кітабымды баспадан шығарып,  аян ілімінің  күні бүгінге дейін дәстүрлі Ислам дінін ұстанып келген   біздің қазақ халқына қаншалықты қажеттігін ортаға салған болатынмын. Бұл кітапта көтерілген проблемаларға байланысты Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті философия мен фәлсафаның ара жігін ашу үшін арнайы заңдастырылған қор құрып, Комитет арқылы өтетін мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға, сонымен қатар Фәлсафалық ой орталығы ғылыми зерттеу институтын ашу үшін Әділет министрлігімен бірігіп ортақ пікірге келуге кеңес берсе, Философия және саясаттану ғылыми зерттеу институты ғалымдары еліміз өз егемендігін алғаннан бері Батыстық немесе оның христиандық философия нұсқасымен ғана емес әлемдік әмбебаптанған  философиямен айналысып жатқандықтарын, фәлсафа сол жалпы азаматтық философияның өзіндік бір көрінісі екенін жеткізіп,  эзотериялық мәселелерге жіктеме жасауды арнайы мамандар немесе психологтар еншісіне аударып тастап, қорытынды пікірлерінде осы бағытта еңбектене беруімізге өз тілектестіктерін білдірді. Екі хат та дұрыс қорытынды бергенімен жаңа ілімге өз тараптарынан іш тарту сездіріп отырған жоқ.

Әйтпесе, Яссауий бабамыздың  өз мұраларын «Хикмет» деп қалдырғанын ғалымдарымыз білмей отыр дегенге кім сенеді? Хикмет  ауыспалы мағынасы бар сөз.  Абай ақын оны;

Жүректің көзі ашылса,

Хақтықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса

Адамның хикмет кеудесі- деп айтып кетсе, Сүлеймен Бақырғани;

Бақса Қағба көрүнған,

Басса йерлар түрүлған.

Ладуни илми үйрүлган

Шахым Ахмед Йассауий - деген емес пе?..

Әлде  ғұлама ғалым Яссауийдің өз «Хикметіндегі» айтқан;

Ақыр заман ғалымдары залым болды,

Құр мақтау айтушылар ғалым болды.

Шындықты айтқан ғалым қорлық көрді,

Ғажап сұмдық замана болды, көргін - деген пікірі бүгін де өз көрінісін  беріп отыр ма? «Хикмет» сөзі ақыл, парасатты сөз, дін ілімі,  шынайы болмысты (Тәңірді) тану деген мағынаны білдіреді. Яғни хикмет Алладан берілетін ілім. Мұндай жаңалыққа толы жаңа құрылымға, әрине, өз аяғынан тік тұрып кеткенше Үкімет қамқорлығы қажет. Осыларды ойластырып таяуда тағы да «Мұғжиза фәлсафа (ладуни) іліміне жанашырлық танытайық» («Жұмада ғы жүздесу», №51, 24.12.2010 ж.) деген тақырыппен мақала жазып, осы ілімнің жанайқайын Үкімет алдына мәселе етіп қоюмен бірге, жаңа ілімге жанашыр болар ерекше қабілетті жас ғалымдарды ден қойып іздестіре бастадым. Елдегі бұл ілім тізгінін жан дүниесі таза ғалым ғана алуы керек. Таптым. Ондай ғалым бар екен. Тіпті көз алдымда жүріпті ғой. Ол - техника ғылымының докторы, профессор Саят Мұратұлы Ибраев.

Мен ақын-жазушылықтан бұрын, өмірімнің он сегіз жылын «Қазақстан» бағдарламасында тележурналист ретінде өткізген жанмын.  Мақтанғаным емес, қазақ теледидарындағы алғашқы діни хабарларды да үлкен тартыспен өмірге мен алып келдім. Белгілі әдебиет сыншысы  Мұхамеджан Қаратаев ағамыз бен сол кездегі бас муфти Рәтбек Нысанбаевты қатыстыра отырып  дайындаған алғашқы «Әдет ғұрыптың озығы бар, тозығы бар» атты бір сағаттық діни хабарым кезінде қылышынан қан тамып тұрған  ҚКП Орталық Комитеті тарапынан ұйымдастырған сегіз рет тексеруден соң, бір жыл бір айдан кейін, сол кезде Орталық Комитетке хатшы болып келген Өзбекәлі Жәнібеков ағамыздың мақұлдауымен ғана эфирден әзер өткенін бүгінде біреу білсе біреу білмес. Сол кезде менен басқа журналист болса,  жоғары жақтан болған тиісті ескертуден соң, ол хабарға қайта айналып соқпас та еді.  Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайын да, одан кейінгі он бес-он сегіз жыл көлемінде жоспарлы діни хабарлар да, менің басшылығыммен әрі жүргізуіммен  өтті. Құранның 114 сүресін сол кездегі Ислам университетінің ректоры С.Оразбен 114 хабар етіп алғаш елге таныстырдым. 1996 жылғы Қазақстан қажыларының қажылық сапары туралы «Сәлем, Мекке!» деген тақырыппен түсірілген  алты сериялы телефильм авторы да өзім болдым. Қазақ теледидарына осылайша діни хабарларды өзім алып келген соң, өзімнен кейін осы тақырыпта хабар жасаушылар мен  жүргізушілерге сын көзбен қарайтыным да жасырын емес. Қазір де біраз журналистер жоспарлы діни хабарларды жүргізіп келе жатыр ғой. Осылардың арасында өзі техника ғылымының докторы болса да Саят Ибраевтың   хабар жүргізу ерекшелігі мен мәдениеті өте жоғары деңгейде болатын. Жалпы діни хабарды діннен хабары бар имани адам жүргізгені көзге ұрып тұрады. Эфир сүйіктісі болған сол Саяттан соңғы жылдары көз жазып қалғанда, мен ғалым Саятты емес,  діни хабарды жүргізуші Саятты іздеумен  көп уақыт өткізіппін...

Ақыры таптым, «Қазақстан» телеарнасының тележүргізушісі емес, осы арнадан енші алып шыққан «Хабар» арнасынан «Ақиқат» атты деректі фильмінен...

Жүректің көзі ашылса,

Хақтықтың түсер сәулесі.

Іштегі кірді қашырса

Адамның хикмет кеудесі- деп Абай тәлімін айтып отырған қалпында, мақтап емес, лаңкес сопылықтың бірегей өкілі ретінде масқаралап көрсетіп жатыр... Масқара, ұят-ақ болды, бір жақты дайындалған мұндай хабар, мемлекеттік арнаға ешуақытта абырой әпермек емес.  Сыңар езу хабарға байланысты өз пікірімді, екі күннен соң өздері іздеп телефон соққан «Дат» газеті тілшілеріне ашық  білдірдім. Хабардағы басты ыңғайсыздық күні бүгінге дейін қазақ халқы ұстанып келген- дін Исламды барынша қорлағаны болды. Дәстүрлі дініміз туралы басқа діндегі «ғұлама ғалым» көсемсіп пікір білдірді. Сұмдық қой! Өз дініміз туралы пікір айтатын бір қазақ құрып қалыппа еді?! Әбсаттар қайда, оның орынбасарлары ше? Орынбасары демекші, осы хабарда қалың зікіршілердің арасында қызыл тақиясымен зікірге қатынасып отырған діни басқарма төрағасының орынбасары, шариғат және фатуа бөлімінің басшысы Алсабеков не бітіріп отыр. Зікіршілер түрмеге тоғытылса бұл азамат қалай аман қалған. Менің білетінім зікір біздің елге республика мұсылмандары діни басқармасы Ташкендегі Орта Азия діни басқармасынан бөлінген кезде келді. Республика мұсылмандары бірінші құрылтайының алдында да, соңында да алғаш рет Аллаға мадақ зікір айтылған...

«Ақиқат» хабарынан соң артынша бір емес бірнеше   БАҚ беттерінде мақалалар жарияланды. Елбасы Н.Назарбаевтың атына жазылған бір хаттың соңына ел зиялылары жазушылар, өнер және қоғам қайраткерлерінен тыс 33 ғылым докторы өз қолдарын қойғандарын көрдім. Солардан ұққаным - 1966 жылы дүниеге келген Саят Ыбырай республикалық физика-матиматика мектебін алтын медальмен тамамдаған. Мәскеудегі Ломоносов атындағы университеттің механика-матиматика факультетін қызыл дипломмен бітірген. 25 жасынжа кандидаттық, 29 жасында докторлық дисертациясын қорғаған. 1998-2000 жылдарда Германиядағы Александр Гумбольд  атындағы қордың  Степендияты болып ғылым саласындағы білімін жетілдіріп елге оралған. Ағылшын, неміс, орыс тілдерін жақсы меңгерген. Техника ғылымының докторы, профессор. Үш ғылыми монография мен 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Механика және машина жасау саласы бойынша бес патентке ие болған. Ғылымдағы өз саласы бойынша әлемдегі ең мықты  5 ғалымның бірі. Кәмелетке толмаған бес баланың әкесі...

Айналайын-ау, республиканың маңдай алды ғалымдары шырылдап іздеп жатқан мынадай ғұлама ғалымды түрмеге тоғытқанша, әлем алдында ел болып мақтаныш тұту керек емес пе? Осы орайда Шерхан ағамыздың; «Ашық хатқа» қолды өз еркіңізбен қойдыңыз ба?»- деген сауалға -Өз еркіммен қойдым. Әзірге ақыл есім түзу, істеген әрекетіме жауап бере аламын. Кім үшін, не үшін қол қойғанымды жақсы білемін. Олар қай қазақтың баласына қастық қылды? Халық жауы ма еді ол адам баласы ара түспейтіндей? Мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды ма? Ханның тағына таласты ма? Не істеді? Діннің адамы, діні мұсылман. Бар кінәсі сол. Барлығың жау көріп, жақыннан дұшпан тауып алып, түрмеге апарып тықтыңдар. «Ойран салды» дейді. Неқылған ойран ол? Нені бүлдіріпті, кімді өлтіріпті? Алдымен анық қанығын неге білмейсіңдер?..» деген ашынған жауабына қосылғаннан басқа бізге артық әңгіме айтудың қажеті бар ма? Менімше жоқ. Хабардағы Ләззат келіннің жолдасы Саят жайлы иманды да салиқалы пікіріне риза болдым.   Шынында да осындай тұлғаны зайырлы мемлекетте істі ету кімге опа береді? Маған Саяттың жоғарыдағы атақтарынан да бұрын   Қ.Сәтбаев атындағы университетте «Әбжад» студенттер клубына жетекшілік еткендігі өзім естімеген жаңалық болып естілді. Әбжат барлық білімнің кілті екенін кезінде ғұлама ғалым Ағжан Машанов қарияның өз аузынан естіген едім. Шыны да сол.  Әбжад ілімін игерген жан Құранға да, ладуни іліміне де батыл еніп, қажетті түсінікті бере алады. Мен жоғарыда келтірген «Фәлсафа - Алланың аян ілімі» атты еңбегімде әл-Фарабиден әл-Машаниге дейінгі қазақ фәлсапашылардың тарихы  мен еңбегін жүйелеу туралы мәселе көтерген едім. Кезінде коммунист Ақжан Машанов ағамыз «Абжад» туралы қолжазбасын бітіріп, мешітке жұма намазға жасырын келіп жүрген кезінде, соңына үш әріп қызметкерлері түсіп жүргенін байқаған сол кездегі бас муфти Р.Нысанбаев ағасына жайлап ескертіп, мешітке екі-үш ай келтірмей қойғанын көргенім бар-ды... Менің ұғынғаным Саят Ақжан атасы сияқты ұлттық болмыс тұрғысынан өзгелерге ой сала алатын азамат сияқты. Сопылық жолға түсуіне Әл Ғазалидің; " Сонда мен жанарымды өз жағдайыма аудардым - байқасам, менің өзім жан-жағымнан шырмап алған жалған байланысына белшемнен батып тұрмын. Өзімнің қызметіме және ондағы ең жақсы, ізгі дегеніне; лекция оқу мен дәріс беруіме, көзімді тігіп едім, мені өзін о дүниеге сапар  шегуге даярлаған адам үшін не маңызы, не пайдасы жоқ ғылымдардың еліктіріп келгенін көрдім. Өзімнің ұстаздық қызметімде жетсем деген мақсаттарым туралы одан әрі ойлана келіп, мен осы мақсаттарға қатысты ойларымның тұтасымен жалғыз Аллаға ғана арналмағанын, мен үшін бастаушы себеп және қозғаушы күш құрмет пен даңққа жету болғанын білдім. Мен өзімнің жардың жағасында тұрғаныма және жағдайымды түзеуге шұғыл кіріспесем сөзсіз тамұққа баратыныма көзім жетті... Сенімнің жан дауысы мені басқаға шақырды. "Жолға! Жолға! Аз ғана ғұмыр қалды, ал сенің алдыңда әлі ұзақ жол жатыр. Сені меңдеген ғылым мен жұмыс - алдау елес қана. Сен өзіңді о дүниеге қазір болмаса қашан даярлайсың? Сен өзіңнің жалғанмен байланыстарыңды қазір болмаса қашан үзесің?

...Осылай он жылға ұласты. Осы жылдар ішінде менің алдымнан не айтып жеткізгісіз, не түсініп болмайтын нәрселер ашылды. Іске пайдасы үшін мен мынаны ғана айтып өтейін; мәртебелі жасаған Алла жолымен жүрушілер, дәл осы сопылар екені, олардың тұрмыс салты - ең жақсы тұрмыс салты екені, олардың жолы - ең дұрыс жол және оладың жан дүниесі ең таза екендігі мен үшін мейлінше айқын болды. Мен тіптен  айтар едім; егер софылардың салты мен мінез құлқына оны тіптен шамалы болса жақсарту мақсатымен қандай да болмасын азғана өзгеріс енгізу үшін (барлық) ақылды адамдардың ақылын, даналардың даналығын және құдіретті заң білімпаздарының білімдерін бір жиса да, олар мұны қалай істеу жолын білмес еді. Өйткені софылардың барлық харакеттері, барлық құпия және жария ойлары - пайғамбар хұзырынан құйылған нұрдан, ал жер бетінде адамдар өз бағытын түзейтін пайғамбар нұрынан өзге еш сәуле жоқ" (133) - деген тіршілігі өнеге болған болар. Бәлкім, түрмеге  осы ойға берілгені үшін де тоғытылған шығар. Ғалым жолы қашан да салиқалы күрес жолы ғой. Құранда;  «Алла (Т.) хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады.(269) деген сүре де бар ғой. Саят Алланың осындай құлы.

Сөз соңында айтарым- ұлт ретінде ұстанатын фәласафа ілімі ең алдымен, күні бүгінге дейін дәстүрлі Ислам дінін ұстанып келген, қазақ халқына қажет. Осы ілім санамызға сіңетін болса,  бетімен кеткен берекесіз гуманизм діни санадан жоғары асқақтамай, бүгінгі таңда жегі құрттай өріс алып бара жатқан жастар тәрбиесіндегі имансыздықтан арылар едік. Ұл - ұятына, қыз - қылығына оралар еді. Ұрпағына үмітпен қарар  әлем сүйсінген ел болар едік. Өйткені, Аллаһтан аян болып түскен фәлсафа, ең алдымен  ардың Ілімі.

Фәлсафа - халыққа да, мемлекетке де өте қажет мұғжиза ілім. Бірақ бұл ілім әрбір көзі ашық, бүгінгі жоғары оқу орындарын бітірген жан атқара берер жеңіл шаруа емес. Оның ауырлығы да осында. Саят осы ілімді келешек ұршықша иіретін  хикмет иесі. Ол түрмеде отыр. Неге?...

Бақтыбай Айнабеков, жазушы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415