Жексенбі, 24 Қараша 2024
3311 0 пікір 11 Наурыз, 2019 сағат 12:20

Халық табысын арттыру және қолжетімді тұрғын үй: Өңірлердің өң-түрі қалай өзгеруде?

Елбасы тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысы, бірінші кезекте, халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру осыған бағытталған. Президент алға қойған міндеттерді орындау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны және ел экономикасын жаңғыртуға Ақтөбе облысының қосып отырған үлесі туралы не білеміз?

Облыс әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың қорытындысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім байқалады. Өнеркәсіптік өнім көлемі 1 855,3 млрд тг немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6% құрады, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінің көлемі 4%-ға өсіп, 1 112,8 млрд теңгені құраған, өңдеу саласы — 8,8%-ға өскен (597,2 млрд тг ). Облысқа 516,2 млрд тг инвестициялар тартылған, өсім 10,8% құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 6,2%-ға өсіп, 228,2 млрд тг құрады (ҚР бойынша 1 орын). Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,5%-ға өсті (179,5 млрд тг), бөлшек тауар айналымының көлемі 2,7% құрады.

2 жыл ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9%-ға артты

2018 жылы алғаш рет өнеркәсіп көлемі 1,9 трлн теңгеге жетті, бұл 2017 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 350 млрд теңгеге артық. Соңғы 2 жылда өнеркәсіптің өсу қарқыны кемінде 5% құрап отырғанын айта кеткен жөн. Тек соңғы 2 жылдың ішінде өңірдегі өнеркәсіптің жалпы құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9%-ға артты ( 24%-дан 33%-ға дейін). Бұл көрсеткішке «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС және «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 цехы ірі инвестициялық жобаларының өндіріс көлемінің жыл сайынғы 15% өсімі арқылы қол жеткізілді. Сонымен қатар көрсеткіштердің өсуіне өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жаңғыртылуы және цифрландырылуы әсерін тигізді. 2 жыл ішінде жалпы сомасы 105 млрд теңгеге 75 кәсіпорын жаңғыртылды.

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында (2015–2019 жж.) өңірде инвестиция көлемі 256,7 млрд теңге болатын, 2,9 мың жұмыс орнын құрумен 24 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, олардың ішінде бүгінгі таңда 60,5 млрд сомасына 15 жоба пайдалануға берілген, 1,3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Өңір үшін маңызды жоба «Gas processing Company» ЖШС газ өңдеу кешені болып табылады. Кәсіпорын өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартады, өйткені ілеспе газ факел арқылы жандырылмайтын болады. Зауыт өңірдің экономикалық дамуына қомақты үлес қосады. Инвестициялар көлемі — 45 млрд теңге, 250 жаңа жұмыс орны құрылды. Жобада бүкіл әлемде қолданылатын газды дайындаудың стандартты технологиялары қабылданды. Сонымен қоса, жалпы сомасы 196,2 млрд болатын, 1,6 мың жаңа жұмыс орнын құратын 9 жоба іске асырылу үстінде, жобаларды 2019–2021 жылдары пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

АӨК: азық-түлік өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 2,4 млрд теңгені құрады

ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 ж. 3,8 млн теңгеден астам сомаға несие берілді. Бөлінген барлық қаржы толық көлемде іске асырылды.

Ауыл, орман және балық шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 17,2 млрд теңгені немесе алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 156%-ға өсімді құрады. Оның ішінде азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2,4 млрд теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім — 103%.

2018 жылы облыста 23 млн теңгеден астам сомаға 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, бұл 362 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, облыста 190 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. Олардың ішінде ет бағытында – 105, сүт бағытында – 64, ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерінде – 6 және 15-і көкөніс өсірумен айналысады.

Есепті кезеңнің 9 айының қорытындысы бойынша облыстың ауыл шаруашылығы кооперативтері 2 890 тонна ет және 1 668 тонна сүт өндіріп, өткізді.

133 мыңнан аса адам шағын және орта кәсіпкерлік саласына тартылған

2019 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында жалпы тіркелген ШОБ саны 66,8 мың адамды құрады және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім— 5% (ҚР 3,7%). Оның ішінде облыста жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны — 55,9 мың адам және 9,3%-ға артты (ҚР 10,1%).

Тіркелген ШОБ субъектілерінің санынан жұмыс істеп тұрғандарының үлесі — 83,7%, (ҚР бойынша 79,4%). ШОБ саласына тартылған азаматтардың саны 133,8 мың адамға жетіп, 104,8% құрады (ҚР бойынша 106,3%). Сонымен қоса, ШОБ субъектілерінің өндірген өнімдерінің, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінің көлемі 626,9 млрд теңгені құрады.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өңірде ШОБ индикаторларының оң динамикасы байқалады. Қол жеткізілген нәтижелер шағын және орта бизнесті қолдауға және дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында мүмкін болды (БЖК–2020, Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы).

2018 жылы «БЖК–2020» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға жалпы 7,3 млрд теңге бөлінді. 2018 жылы «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасын іске асыруға 2,4 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат аясында биыл 257 ШОБ субъектісі қолдау алды.

Халық табысын арттыру: 100 мыңнан аса бюджет саласының қызметкерлері мен жекеменшік кәсіпорындардың жұмысшыларының жалақысы ұлғайтылды

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген халықтың табысын арттыру міндетін орындау мақсатында өңірлік штаб құрылып, жұмыс бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді. Жоғарыда айтылған тапсырмаға сәйкес, 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге ұлғайтылды (бюджеттік ұйымдар – 44 134 адам, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар – 485 адам, жеке компаниялар – 25 808 адам).

Осылайша, кәсіпорындар басшылықтарымен тікелей түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде 2019 жылдан бастап 176 кәсіпорын жалақыны 31,9 мың қызметкерге (жұмысшылардың барлық санаттары) орташа алғанда 10%-ға арттырды.

Сонымен бірге, облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 107 526 азаматтың 76% немесе 81 326-ның статусы өзектендірілген.

Бұдан өзге, өңірдегі жұмыспен қамту мәселелерін шешу жолында аудандар мен Ақтөбе қаласы төңірегінде Халықты жұмыспен қамтудың 2018 жылға арналған кешенді жоспары әзірленген. Кешенді жоспарға сәйкес, 44 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету шараларымен қамту көзделген. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жоспардың орындалуы 113,1% немесе 49 761 адамды құрады.

Сонымен қатар, 2018 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында облыста 20,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 20% артық.

Қолайлы өмір сүру: 8 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру және 400 шақырым автожолды жөндеу

2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жылдық жоспар 870 мың шаршы метрді құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 908,6 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 7 875 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 2617 жеке үй және көппәтерлі үйден 5258 пәтер. Өсім 14,7% құрады.

Несиеге берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында түрлі құрылыс материалдарын пайдаланумен жалпы аумағы 186,5 мың м2 болатын немесе 2865 пәтерлік несиеге берілетін тұрғын үйлердің құрылысы басталды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы аумағы 89,3 мың м2 болатын немесе 1317 пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар пилоттық жоба аясында 7,9 мың м2 тұрғын үй немесе 70 пәтер пайдалануға енгізілді.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша 9,3 мың м2 немесе 120 пәтер пайдалануға енгізілді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Бәйтерек Девелопмент» АҚ мен «Самұрық- Қазына ҰӘҚ» АҚ ынтымақтастығы аясында «Батыс-2» және «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алаптарында жалпы аумағы 73,6 мың м2 болатын немесе 922 пәтерлік несиеге және жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қоса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 69,3 млрд. теңге инвестиция салынды, оның ішінде 11,6 млрд. теңгесі — мемлекеттік инвестиция.

Биыл тұрғын үйлер жаппай салынатын аудандарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға РБ пен ЖБ қаражаты қарастырылған.

2014 жылы Ақтөбе облысында халықтың тұрғын үймен қамтылуы 20,8 шаршы метрді құраса, 2018 жылдың басында бұл көрсеткіш бір адамға шаққанда 22 шаршы метрді құрағанын атап өткен жөн. Сонымен қатар облыста тұрғын үй құрылысында оң динамика байқалады, мәселен, 2015 жылы – 536,2 мың м2, 2016 жылы – 616,6 мың м2, 2017 жылы – 792,3 мың м2.

Сонымен қатар, 2018 жылы іске қосылған «7–20–25» жаңа ауқымды бағдарлама тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттырады. Ұлттық банк деректеріне сәйкес, 2019 жылғы 15 ақпандағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында екінші деңгейлі банктер 3,7 млрд тг сомасына ипотекалық тұрғын үй займын алуға 451 өтінім қабылдаған, оның 2,1 млрд теңгеге 243-і мақұлданған.

2018 жылғы қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімдігі «Баспана ипотекалық ұйымы» АҚ-мен ниеттестік туралы меморандумға қол қойды, оның аясында Ақтөбе облысында таяу жылдары 800 мың м2 астам несиелік баспана салынады. Сонымен қатар, облыс әкімдігі бағдарламаны іске асыру кезеңінде бюджеттік қызметкерлерге, әскерилерге, құқық қорғау органдарының (ІІД қызметкерлері) қызметкерлеріне бастапқы жарнаны 10% азайтып қолдау көрсету үшін 2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Бастапқы жарнаны субсидиялауға қатысты. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілгеннен кейін және Тұрғын үй сертификаттарын берудің үлгілік ережелері бекітілгеннен кейін өңірде тұрғын үй сертификаттарын беру жұмыстары басталады.

Биыл өңірдің коммерциялық құрылыс салушылары 350 мың м2 немесе 3000 пәтерге жуық көлемде коммерциялық тұрғын үй салып жатыр.

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында 1317 несиелік пәтер салынды, оның 50%-ы ҚТҚЖБ желісі бойынша және 50%-ы «7–20–25» бағдарламасы бойынша беріледі. 2019 жылы жоғарыда аталған тетік бойынша сатылатын 2528 пәтер салу көзделген.

Мемлекет басшысының 2022 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесін 90%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жол жөндеу жұмыстарының көлемі жыл сайын ұлғайтылып келеді. Мәселен, 2018 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 35,7 млрд теңгеге 400 шақырымнан астам жол жөнделді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық автожолдардың үлесі 53% құрайды. Облыста ұзындығы 319 шақырымдық «Ақтөбе — Атырау — Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға қарай)» республикалық маңызы бар автокөлік жолының учаскелерін реконструкциялау жұмыстары басталды.

Білім беру жүйесін дамыту: жаңартылған мазмұн бойынша білім беретін 13 мың мұғалімнің еңбекақысы 30%-ға ұлғайтылды

2018 жылы 4 мыңнан астам орынға 36 балабақша ашылды. Соның нəтижесінде мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың үлесі 2,7%-ға өсті, бұл 3–6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 98,4%-ға қамтуға мүмкіндік берді. 116 жекеменшік балабақшада мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Орта білім беруде жаңартылған мазмұндағы бағдарламаларға көшу жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін 13 мыңнан астам мұғалімнің еңбекақысы 30% өсті. Жалпы, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап облыстағы 399 мектептің 103 мыңнан астам оқушысы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытылуға көшті.

2018 жылы ауқымды мектеп құрылысы жұмыстары жүргізілді. Мәселен, салынып жатқан 27 мектептің 15-і пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген нысандар 2 апаттық, 2 ескірген және 14 үш ауысымдық мектеп мәселесін шешті. Орта білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жұмыстары жалғасуда. Облыстағы 399 мектептің 1–8 сынып оқушыларының 72%-дан астамы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқытылып жатыр.

Оған қоса, облыстың 233 мектебінде пилоттық режимде жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері ағылшын тілінде өткізіледі.

Облыстағы мектептердің 60,3% пәндік кабинеттермен жабдықталған, 228 мектеп және 76 балабақша бейнебақылау жүйесімен жарақтандырылған. Облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 100% кең жолақты интернетке қосылған.

Бұған қоса, ерекше балаларды білім беру ортасына қосу бойынша өнімді жұмыс жүргізіліп жатыр. 71 балабақша мен 241 жалпы білім беретін мектептерде (60,4%) инклюзивті білім беруге жағдайлар жасалған.

Қосымша білім беру ұйымдарымен 129 мыңнан астам оқушы, спорт секцияларымен 59 мыңнан астам оқушы қамтылған. Бұдан өзге, «Бақытты бала» бірегей жобасы аясында елімізде алғаш рет мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Күншуақ» сауықтыру лагері, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға — «Нектар» арнайы (түзету) балабақшасы ашылды.

Сондай-ақ, білім беру жүйесіне ақпараттық технологиялар енгізілген, 46 көпфункционалды спорт алаңы, 52 воркаут, 52 ойын алаңы, 27 хоккей алаңы, барлығы 177 спорттық ойын алаңы іске қосылды.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылы облыста күтілетін өмір сүру ұзақтығы 72,3-тен 73,47 жасқа дейін өсті. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім шамамен 20%-ға төмендеді. Бұған қоса, өткен жылмен салыстырғанда халықтың амбулаториялық-емханалық ұйымдармен қамтамасыз етілуі жаңа денсаулық сақтау мекемелерінің салынуы есебінен 25% ұлғайды. МЖӘ аясында 15 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және медициналық пункт құрылысы жүргізілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588