Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4167 7 пікір 11 Наурыз, 2019 сағат 15:04

"Үкіметке алақан жая бермеңдер" деген сөздің де жаны бар негізі

Біраз ортақ достарым, таныстарым АҚШ, Корея, Дубайда жұмыс істеп жүр. Сол жақтан үйіне ақша жіберіп Қазақстандағы аға-інілеріне үй салдырып, пәтер алып, бауырларының оқу ақысын төлеп жағдайын жасап жатқандар да бар.

Жалпы, "Үкіметке алақан жая бермеңдер", "Бәрі әркімнің өз қолында" деген сөздің де жаны бар негізі. Қолдарыңыздан келсе, тіл білсеңіз анау да мынау патриоттық әңгімелерді 5-6 жылға жиыстырып қойып АҚШ, Кореяға барып 5 жыл жұмыс істеп келгенде тұрған ештеңе жоқ. Бәрін дұрыс жасасаңыздар Қазақстанда жүріп 15-20 жылда тапқан қаражатты ол жақта 5-6 жылда жинап келуге болады. 5-6 жылдан кейін қайтқыңыз келмей қалмаса әрине?

Егер біреулер "Елге қызмет етпедің бе?" десе "Елім бәрі өз қолыңда" деді. Елімнің айтқанын тыңдап шетел асып, қолымнан келгенді жасап жүрмін деп жауап берсеңіздер болады. Доллар жыл санап өсіп жатыр. Қазақстанда 15-20 жылда итшелеп жететін дүниеге 5-6 жылда жететін болсаңыз, қолыңыздан келіп тұрса неге кетпеске?! Оның үстіне еліңіз "Бәрі өз қолыңда. Үкіметке алақан жайма" деп тұрса. Қолымнан келгені осы деп кете беру керек деп ойлаймын. Үкіметке алақан жаймайсыз, өз шаруаңыз өзіңізде, екі жақ та дән риза. Тіл білсеңіз жақсы, білмесеңіз де өзіңіз талпынып бара үйреніп алсаңыз, мұxиттың арғы бетінде қолымнан көп нәрсе келеді деп шешсеңіз, өмір сіздікі ешкімнің артық әңгімесі болмауы керек бұл жерде.

Бауыржан Серікбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592