Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4238 2 пікір 12 Наурыз, 2019 сағат 13:08

Ахмет Байтұрсынұлының үйін жекешелеуге "бергендердің" мақсаты не болды екен?

Наурыздың алғашқы онкүндігінде болатын үш күндік демалыстан соң Ахмет атамның үйіне сағынып жеткен көңілімді.... ауладағы орындықта шалқасынан түскен маскүнем нілдей бұзды! Ашуым келгені соншалық... әлгіге айтар сөзіме өзім булығып қалдым.

Қазақ десең өзіңе тиеді... мас болып сүрініп-қабынып, не ісіп-кеуіп жүретіндердің көбі өз қазағымның болғанына күйіп һәм налып құлазығанымды көрсеңіздер ғой.

"Тұрыңыз, бұл жатысыңыз ұят емес пе?" десем, әлгі мас: "Не сенің сатып алған жерің бе?" деп едірейеді...

Онсыз да жекеменшікке өтіп кеткен бұл тарихи жәдігер һәм тарихи тұлғаның көзіндей болған үйді мемлекеттік жасай алмай жүргенімде... әй қорланғаным-ай?!

"Қор болған есіл еңбегің-ай Ахмет ата-ау" деп аңырағым келді. Бірақ, мені еститін кім бар?!

Ахмет Байтұрсынұлының есімін иеленіп жүрген барша мемлекеттік мекемелер һәм мұқым қазақ жұрты жабылып жүріп жазбасақ.... Ахаңның жәдігер болған үйі бір күндері жоғалатыны анық.

Неткен бейсаналық бұл?! Селт етпейтін сана... Алаштың ары болған Ахмет Байтұрсынұлының үйін жекешелеуге "бергендердің" мақсаты не болды екен? Қорқайын дедім...

Райхан Имаханбеттің facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2682
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 797
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 768