Шығыстан шыққан зиялылар жастармен жүздесті
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Астана қаласында Шығыс Қазақстаннан шыққан зиялы қауым өкілдерінің шығармашыл жастарымен өткен кездесуіне қатысты.
Шығыс Қазақстан - қазақ халқы мақтан тұтар ұлы ойшылдар мен ақындарды дүниеге әкелген, елміздің рухани астанасы саналатын ғажайып мекен. Бүгінгі күні де шұғылалы шығыстан шыққан шайырлар баршылық. Қаламы қарымды жазушы-жорналшылар мен орақ ауыз, от тілді ақындар туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін төл туындыларына қосып, елінің мерейін үстем етіп жүр. Бұл жас буынға терең мағыналы тәрбие береді. Осы тәмсілді темірқазық еткен Алтайдың ақиық ақын-жазушылары Астана жастарымен шығармашылық кездесу өткізді. Жиынды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Мәдениет басқармасы ұйымдастырды.

Кездесуге есімдері елге танымал қаламгерлер қатысты. Олардың арасында Қабдеш Жұмаділов, Серік Ғабдуллин, Шәрбану Бейсенова, Несіпбек Айтұлы, Әлібек Асқаров, Ұлықбек Есдәулет, Сәдібек Түгел, Тұрсын Жұртбай, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Жанат Әскербекқызы, Дәулеткерей Кәпұлы, Қалқаман Сарин, Бауыржан Ердембеков, Айгүл Кемелбаевалар бар. Басқосуды белгілі журналист Серік Жанболат жүргізеді. Белгілі қаламгерлер мен жүзден аса жас ақын-жазушылардың сыр-сұхбаты мазмұнды әрі тартымды өтті. Шығыс Қазақстанды еліміздің - інжу-маржаны деп бекер айтпаған. Өлкенің тамылжыған табиғатының көрінісінде жас ақындардың шабытпен өлең оқуы, әдеби жүздесуге ерекше рең берді.
Шығармашылық кездесуде «Шығыс жұлдыздары» кітабының тұсауы кесіліп, кездесудің мерейлі меймандарына сыйға тартылды. Ырыс аунап, нар шөккен Шығыс Қазақстан тума таланттар мен дарындарға да өте бай. Қаншама ғалымдар, қаламгерлер, күміскөмей әншілер мен сахна саңлақтары, өнер және мәдениет қайраткерлері топырағына аунап өскен. Олардың есімдері ел тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналып шыққан жаңа кітапқа еніп отыр. Бұл басылымда Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды даналармен қатар, қазіргі заман жазушылары мен жас ақындар да тізбектелген. Жинақты шығаруды ұсынып, жобаға жетекшілік еткен - ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев. Басып шығарған - «Фолиант» баспасы.
Кездесу соңында аймақ басшысы жас журналистердің арасында өткен «Топжарған» республикалық байқауының қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды марапаттады. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сыйлығына арналған конкурс Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған. Байқау республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында істейтін тілшілердің арасында өтті. Мұндай жоба елімізді тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты көп ішінен топ жарып шыққан жас журналисттерге серпін беріп, ынталандыру.
Конкурсқа бас-аяғы 27 үміткер қатысты. Жеңімпаздар 4 номинация бойынша іріктелді: «Үздік мақала», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік бейнематериал», «Ғаламтордағы үздік мақала». Тележруналисттердің белсенділігі өте жоғары болғандықтан комиссия мүшелері «Үздік бейнематериал» номинациясына 4 журналистті ұсынды. Сондықтан 7 республикалық ақпарат құралының жас тілшілері облыс әкімдігінің марапат қағазы мен ақшалай сыйлығына ие болды.
Жас журналисттердің арасында республикалық сайыс ұйымдастыруды алғаш болып қолға алған Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл бастаманы келешекте де жалғастырмақ.
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ