Жексенбі, 24 Қараша 2024
3475 2 пікір 15 Наурыз, 2019 сағат 12:36

 Қ.Тоқаев Ресей Федерация Кеңесінің делегациясын қабылдады

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Константин Косачев бастаған Федерация Кеңесінің делегациясын қабылдады.

Сенат Төрағасы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастар тарихи тұрғыдан қарағанда ұзақ мерзімді әрі одақтастық сипатына ие екенін атап өтті.

Қ.Тоқаев Қазақстанның саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі және «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Президент Н.Назарбаев жария еткен әлеуметтік доктринаны іске асырудағы Палатының қызметі туралы айтып өтті. Сенат Төрағасы Елбасы айқындаған шешімдерге шамамен 6,5 млрд. доллар болатын қомақты қаражат бөлінетінін атап өтті.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, екі ел парламенттері жоғарғы палаталарының арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсуде Ресей делегациясының бұл сапары аса маңызды. Сенат Төрағасы ТМД,  ҰҚКҰ, ЕҚЫҰ парламентаралық құрылымдардағы біздің мемлекеттердің заң шығару органдары өкілдерінің өзара тығыз іс-қимылына жоғары баға берді.

Әңгіме барысында Еуразиядағы интеграция үдерістеріне ерекше назар аударылды. «Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру туралы ойластыру қажет. Бұл Одақтың болашағы зор. Бізге ынтымақтастықты нығайтып, ЕАЭО пен Қытайдың Ұлы Жібек жолы жобасын ұштастыру жолындағы жұмыстарды атқару керек», - деді Қ.Тоқаев.

К.Косачев өз кезегінде екі ел басшыларының арасындағы өзара сенімді қантынастар кепіл болып табылатын екі жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Федерация Кеңесі делегациясының басшысы Ресейде Президент Н.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ идеясының авторы ретінде және оның бұрынғы кеңестік аумақтағы интеграциялық үдерістерді дамытуға бағытталған бастамаларын жақсы білетіндерін және жоғары бағалайтынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту және халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы іс-қимылды үйлестіру туралы пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының баспасөз қызметі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652