Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5758 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 09:13

Азамат Алмас. Мәсімов Мұсахановқа сәлем айтты

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен бүгінгі селекторлық мәжілісте төбе көрсетпеді. Жас әкім Мәсімовтың мәжілісінен гөрі ақсақалдармен кездесіп, алқалы жиын жасағанды жөн көріпті.

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен бүгінгі селекторлық мәжілісте төбе көрсетпеді. Жас әкім Мәсімовтың мәжілісінен гөрі ақсақалдармен кездесіп, алқалы жиын жасағанды жөн көріпті.

Үкіметтің селекторлық форматта өткен кеңесінде негізінен екі мәселе қаралды. Үкімет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асырудың Экономикалық даму және сауда министрлігі әзірлеген көрнекті картасын бекітті. Министрліктер мен ведомстволардың ескертпелері мен ұсыныстары қаралып, түзілген нұсқаны таныстырған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің атап өтуінше, карта 7 негізгі бағыттан, атап айтқанда азық-түлік қауіпсіздігі, азаматтарға қызмет көрсету, халықаралық ынтымақтастық және интеграция, әртараптандыруды жеделдету, дағдарыстан кейінгі даму мәселелері, болашаққа инвестиция, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту сынды бағыттардан тұрады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе  «2011-2012 жылдарға жылыту маусымына дайындық барысы туралы» Индустрия және жаңа техологиялар вице-министрі Альберт Раудың хабарламасынан соң Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері тыңдалды. Әкімдер арасында тек Шығыс Қазақстан облысының басшысы Бердібек Сапарбаев қана сөзінің жартысын мемлекеттік тілде жеткізді. Қалғандары қазақ тілінде жақ ашпады. Алматының су жаңа әкімі Аңсар Мұсаханов селекторлық кеңестен алдын ала белгілеп қойған кездесуді дұрыс көрген сыңайлы. Кеңеске қатыспады. Оның қайда жүргенін сұраған Үкімет басшысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Батталов мырза батып  ештеңе дей алмады.
«Ол үлкен кісілермен кездесуге әлі жас қой. Үкіметтің отырысына қатыспағаны жөн емес»,  деген Кәрім Қажамқанұлы кекесінді дауыспен Аңсарға дұғай-дұғай сәлем жолдады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036