Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2874 0 пікір 2 Маусым, 2011 сағат 07:14

Жанат Бейсембай. Елді де, елбасын да жерге қаратты

Бұған Тілді «тізгіндегендер» тікелей жауапты

Биылғы жыл еліміздің өміріндегі үкілі де үмітті асу. Үш ғасыр бодандықтан кейін  тәуелсіз мемлекет болғанымызға жиырма жыл толады. Бұл, әлбетте, тарих еншісінде қас-қағым сәт. Бірақ, адам өмірімен таразыласақ, азаматтың ат жалын тартып мінер, өз алдына отау құрар шағы. Енді ол ата-анасының тасасына бұға алмайды. Отбасының алдында ғана емес, отандастарының алдында, тіпті құқылық та жауапершілікке ие.

Ал, қоғамның кемелдігі оның азаматтарының ой-өрісі мен  парасат-пайымына, халықтың  талабын тап басып, уақыттан озық отыруына, тіпті керек десеңіз, сол құдіретті уақытты  ел мүддесіне бағындыруына байланысты. Өкінішке қарай, қазақтың Ана тілі және қазақстандықтардың мемлекеттік тілі саласында кереғар ахуал қалыптасып отыр. Мұның себебін кейбір бишігештер әлі күнге шейін «өткеннің зардаптарымен» түсіндіруге құмар-ақ. Тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылдығында жаңағыларға илануға бейіл едік. Бірақ, қазіргі жалтақ, қорғаншақ, бүгежек, бір сөзбен айтқанда «бейшара» халдеріне жол болсын!

Осыны көре тұра қазақ қалай туламаcын! Оның Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы секілді қайраткер ұлдары қалай дабылдатпасын! Алайда, республикамыздың  Мемлекеттік тілге жауапты құзырлы органдары мен олардың төріндегі серке терісін жамылған кейбіреулер қалыптасқан  теріс тілдік ахуалды түбегейлі өзгертуге мүлде қабілетсіз болып шықты. Олар республика басшылығының аузына қарап, сындарлы саясаттың рухын сезіне алмай, мәңгірген халде. Елбасының өзінің қазақтың перзенті екенін сөзімен де, ісімен де дәлелдей отырып та барша қазақстандықтарға ортақ тұлға болып отырғанын зерделей алмауда.

Олардың алдағы он жылға арнап, қалайда қабылдатуға жандарын салып  отырған  Тілдер бағдарламасының жобасы соның бұлтартпас дәлелі.  Жағдайды жан-жақты таразылап, өз бетінше ой түйіп, дербес шешім қабылдауға қабілетсіз жандардан не қайыр! Сырттарын күмпитіп, жондарын күжірейткендері болмаса, ондайлар жаттанды сүрлеуді босқа шаңдатып, «оттағанды» ғана біледі. Әйтпесе, «жүздеген жыл тіліміз байланды ғой, енді сол түйінді жедел шешейік» деп, неге ойланбайды екен, жазғандар.

Түйсіксіздер! Оларға салсақ,  осыған дейін Тілдер туралы бағдарлама екі мәрте қабылданды екен, енді сол   «дәстүр» қайталана беруі керек сияқты. Ескі сүрлеуді шиырлайтын мәңгүрттер тыңнан жол салуға қабілетсіз. Олай болса, қалың қауымның тап осы жолы  жалпақшешей бағдарлама емес,  «Мемлекеттік тіл туралы заң» мен мемлекеттік тіл - қазақ тілі туралы бағдарлама қабылдау керек деген талабымен келіспей көріңіз. Тілдік ахуалға шынымен-ақ жанымыз ашыса,  ең алдымен, Ана тіліміздің жағдайын түбегейлі түзейтін кез баяғыда жетті. Мұны басшылар да мойындап отыр. Бірақ, тілге жауапты мемлекттік органдар және ең алдымен  Тіл комитеті ештеңені көрмейтін, естімейтін меңіреу халде қалуда. Республика Президентінің  айтқан ұлағатын Бағдарлама жобасының кіріспесінде жазып қоюдан аса алмапты, шіркіндер. Әйтпесе, Елбасының қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы - қазақ тілінің дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды міндеттейтін талабының ұран үшін айтылмағанын, оны қолға алып, орындау міндет екенін ұғар еді ғой жаңағылар. Олар қамқорлыққа зәру емес орыс пен өзге тілдердің «сөзін сөйлеп», босқа арамтер болады. Елбасының мемлекеттік ауқымда қоятын талабы мен салалық нақты міндеттің аражігін аша алмай қор болады. Тіпті, шетелдік тәжірибеге жөнсіз еліктеп, Тіл саласында «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» орнатпаққа күшеншектенеді. Ал көп күшенгеннің арты жақсылыққа апармайтыны белгілі.

Ең сорақысы, олар өздері ғана ұятты болып қоймай, елді де, Елбасын да жерге қаратуда.  Байқасаңыз, қазақты да, өзге жұртты да баяғы «шолақ белсенділерше»  коммунизм дейтін ортақ көрпенің астына бөлеуден дәмелі. Мұның дәлелдерін көптеп келтіруге болады. Мәселен, биыл жаңағылар Елбасын екі мәрте «сүріндірді». Біріншісінде, ол халыққа жолдауын арнай тұрып, Парламентке жетпеген, жоба күйіндегі бағдарламаны қабылданды деп тамам жұрттың алдында ағаттық жіберді. Ал, екіншісінде Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында  емдеу мекемелеріндегі баршаға түсінікті «Байсалбаев хирург немесе терапевт, яки кардиолог» деген маңдайшалар неге екі тілде жазылмайды деп, делегаттардың айызын қандырды. Ал, қазақ тағы да жерге қарады. Осының бәрі жұмыста айқындықтың жоғының салдары болып табылады.

Ұзын сөздің қысқасы, қазір Тіл саласында бет-бағдарымыз бұлдыр күйінде қалып отыр. Оны айқындап беруге Мәдениет министрлігінің де, Тіл комитетінің де шамасы келмеуде. Туған тілімізді  өзіне лайықты тұғырына қондыру үшін жаңаша көзқарас керек деп білеміз. Қалың көпшіліктің, тіл жанашырларының ойы осы.

Жанат Бейсембай

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі,

Астана қаласы,

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351