Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3633 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 07:38

Ләйла Сұлтанқызы, тележүргізуші: «Телеарналарда жетіспейтін дүниелер баршылық»

Кескін-келбеті көз сүріндіретін Ләйла Сұлтанқызын көрермен қауым бұрынғы «Шаһар» - қазіргі «Хит ТВ» арналары арқылы жақсы біледі. Әнебір жылдары өткен «Super star» жобасы да оның танымалдығын біршама «алға сүйреп» тастаған-ды. Десек те, Ләйланың қоңыраудың сыңғырындай күлкісіне, әуезді дауысына құмар жұрт оны әжептәуір уақыт жоғалтып алған болатын. Көптен бері көрінбей жүріп, «Балапаннан» жарқ ете қалған тележүргізушіні «Сәрсенбінің сәтінде» жолықтырдық.

- Ләйла ханым, ілгеріде экраннан түспеуші едіңіз, кейінгі кезде көрермендеріңіз сізді жоғалтып алған секілді...

- Иә, көрінбей кетуіме негізгі себеп - отбасылы болғаным. Өйткені қыз баланың басты арманы жар сүйіп, дүниеге ұрпақ әкелу ғой. Қайрат есімді жарым бар. Сағадат, Сардар атты екі ұлды дүниеге әкелдім. Дегенмен қол қусырып, үйде отырған жоқпын. Республикалық телеарналардың арнайы шақыртуымен бағдарламалар жүргізіп тұрамын. Сондай-ақ кішігірім студиямыз бар. Онда жергілікті арналардан түскен тапсырыстар бойынша жұмыс істейміз. Сонымен қатар «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару» қоғамында алқа төрайымымын.

- Қоғамыңыздың аты қызық екен... «Құқықтарды басқару» қалай жүреді?

- Мұнда кез келген орындаушының авторлық құқығы тіркеледі, оған біреу қол сұқса, арнайы заңдар бойынша қорғалады.

Яғни орындаушылар мен фонограмма шығарушылардың туындыларын көпшілік алдында орындағаны үшін, сонымен бірге коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды эфир немесе кабель арқылы таратқаны үшін берілетін сыйақыны жинап, тиесілі құқық иесіне қайтарамыз.

- Қазір ел арасында: «Өміріңе разы болсаң, «Қазақстан» мен «Хабарды» қара, түңілсең, «КТК» мен «31» арналарын қос» , - деген сөз бар. Журналист ретінде қазіргі таңдағы отандық телеарналардың қызметіне көңіліңіз тола ма?

- Мен арналарды қызықтағаннан гөрі, балалармен таза ауада серуендегенді ұнатамын. Тура ауылдағыдай!

Ал телеарналарда жетіспейтін дүниелер баршылық. Ізденісіміз аз. Журналистерге жоғары жалақы берілмейді. Ал бұдан кейін талаптың да жоғары болмайтыны - түсінікті жайт.

Дегенмен осыдан 15 жыл бұрынғы телеарналармен салыстырғанда, көп нәрсе уақытымен реттеліп келеді. Бұл - «көш жүре түзеледі» деген сөз.

- «Сабын сериалдар» көпіріп кеткен телеарналар көрерменді жеңіл-желпі жобалармен алдандырып, елдегі әлеуметтік-тұрмыстық зәруліктен оқшауландырып тастағанын қалай түсінесіз? Бұл мемлекеттік саясаттың салқынынан туған үрдіс пе, жоқ әлде әлемдік тәжірибенің үлгісі осы ма?

- Әр арнаның ұстанған бағыты бар, солай болуға да тиіс. Оның үстіне, бүгінгі таңда көрермен өз талғамындағы бағдарламаны тауып алатын мүмкіндікке ие ғой.

Сондықтан да шығар, ел-жұрт отандық арналардан гөрі, басқа елдің арналарын көбірек қарайды. Бізде жүйеленген, талғаммен жасалған бағдарламалар тым аз.

- Шоу-бизнеске араласып, өзіңізді продюсер ретінде сынап көрдіңіз. Жалпы, бізде «продюсер» деген кәсіп толық жетілді ме?

- Толық пісіп-жетілді деп айта алмаймын. Бізде ең қызығы, ақша бөлуші де, оны табушы да, жаратушы да продюсер болып тұр ғой. Сондықтан машақаты көп бұл жұмыс - екінің бірі игеріп кетер кәсіп емес. Тұшымды қаржылай көмек болмаған соң, жоқтан бар жасау да қиын. Демек, шоу-бизнестің де, продюсерліктің де дамуы үшін бізге біраз уақыт керек.

- «Балапан» телеарнасында жүрген кәсіби маман ретінде айтыңызшы, балаларды баурап алған Бакуган мен Спанч Боб сияқты кейіпкерлер бізде қашан пайда болар екен?

- Аталмыш кейіпкерлері бар мультфильмдерді біздің орта жаратпайды ғой. Дегенмен, өз басым, осы көрсетілімдерді балаларымның күніне 20-25 минут тамашалағанына қарсы емеспін.

Себебі, ондағы әсем бояулар да, әділетсіздікке қарсы күрес те, тіпті Спанч Бобтағы кейбір қалжыңдар да өте әдемі келтірілген. Құптаймын. Өкініштісі, бізде осындай мультфильмдерді жасайтын шығармашылық топтар аз. Сондай-ақ бізде былай ғой, мәселен, сөйлейтін ойыншықтар болса, ол тек қазақша көйлек киюге тиіс, қазақша сөйлесе, мақалдатып сөйлеуі керек.

Қазіргі баланың тілі арнадағы тілден әжептәуір алшақ екені де рас. Тағы бір айта кетерлігі, біздің мультфильмдерде жансыз нәрселер, мәселен, көліктер сөйлемейді. Балаға бәрі қызық қой, көлікке «тіл бітірген» Молния Маккуин миллиардтап (Молния-Диснейдің «Тачки» деп аталатын мультфильміндегі көліктің аты) пайда тауып жатыр. Алдағы маусымда «Көліктер-2» атты мультфильм қазақ тіліне аударылмақ. Көрермен ретінде мұны асыға күтіп жүрмін.

- Тіл демекші, жуырда «Астана радиосына» сұхбат берген эстрада жұлдызы Авраам Руссо өз елінде қазақша білмейтін қазақтарға қаратып: «Позор!» - деген екен. Қазақ телеарналарының тұралаған тірлігіне осы «позордың» тікелей қатысы бар деп ойламайсыз ба?

- Мен осындай деп лағып кететін жұлдыздарды жек көрем! Әрине, тіліміздің тұралап тұрғаны рас, бұл  -көзге көрініп тұрған ақиқат. Кейде шымшыма сөздермен намысқа тие сөйлесек, ілгерілеушілік байқалар деп те үміттенеміз. Бәлкім, мақсатқа жету жолында барлық әдісті қолданғанымыз да дұрыс шығар. Жалпы, тіл мәселесінің қалай шешім тауып, қалай орындалатыны мына сіз бен бізге де байланысты.

- Ләйланың қазіргі жеке өмірінде қандай жаңалықтар бар екен?

- Балаларымның әр күні мен үшін - жаңалық. Менің байлығым да, бақытым да осы екеуі. Аллаға шүкір, аяулы жар, бақытты анамын. «Кина+сериал » деген журнал шығарып жатырмыз. Ал материалдық мәселеге келер болсам, әзірше сүйіншілейтіндей жаңалық болмай тұр.

- Сізге бірқақпайдың ыңғайымен соңғы сұрақ қояйын: «Бір қазақ қызы отырыңқырап барып, кештетіп тұрмысқа шыққан екен. Содан ол жыл сайын босана берген соң, бір құрбысы сұрамай ма: «Саған не болған?» - деген сыңаймен. Сонда әлгі қыз айтқан екен: «Кластастарымды қуып жетейін деп жүрмін...» - деп. Сіз қуып жеттіңіз бе, жоқ әлде жету жоспары көкейде жүр ме?

- Ха-ха, өлтірдің ғой... Қысқаша жауап берейін: кластастарымды қуып жеттім, енді асып түссем бе деген ойым бар...

Әңгімелескен -

Ардақ Иманбекқызы,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 20 (103) 01 мамыр 2011жыл

Түпнұсқадағы тақырып: «Кластастарымды қуып жеттім...»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377