Жексенбі, 24 Қараша 2024
3008 0 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 20:23

Халыққа қызмет көрсету орталығы халықтың ауыртпалығын жеңілдетуді мақсат етеді

2018 жылдың жазында елімізде тұңғыш рет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы іске қосылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 10 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды деп баса мән берді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының көздеген басты мақсаты - халықтың ауыртпалығын жеңілдету екені белгілі. Мәселен, бұрындары ел халқы қағазбастылықтың құлы болып, бір парақ анықтама үшін ауылдан аудан орталығына, ауданнан облысқа сабылатын болса, енді «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында компьютер арқылы тұрған жерінен керек құжатына қол жеткізе алады. Халықтың жүгін жеңілдеткен айтулы жобалардың бірі - Халыққа қызмет көрсету орталығы. Бұл орталық бұрынғы бір анықтама үшін он мекеменің табалдырығын тоздыратын көне жүйені өзгеріп, халықтың жүгін жеңілдетуге бағытталған.

Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы - еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы - заңды құбылыс. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді.

Бұл нысанның әлеумет үшін маңызы зор. Себебі,  бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттер, ең құндысы алтын уақытын сарп ететін халық  бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық  құжаттарын  бір демде реттеу мәселесі жолға қойылған. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы  үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, мұндағы қызметкерлер өз істерінің білікті мамандары, қай істе де алдыңғы лектен көрініп, аудандағы қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып жүрген жастар.

Елбасының бұл жобаға ерекше мән беріп, атап өтетіндейі де бар, IT қарыштап дамып, ақпарат алмасу күніге түрленіп отырған қазіргідей заманда сандық технологияларды дамытпасақ, әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарынан көріну қиял болып қалары анық. Себебі, қазіргі кезеңде көшбасшы елдердің барлығы сандық жүйеге көшіп, экономикасының дамуына һәм халқының  әл-ауқатының жақсаруына сеп болып отыр.

Мәселен, биыл ақпан айынан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында көлік жүргізушілері үшін «Тегін қызметке ақы төлеме!» акциясы ұйымдастырылды.

Тұрғындар арасында өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараны мемлекеттік корпорация қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, Полиция департаментінің өкілдері, Прокуратура және «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге өткізді. Шара барысында ұйымдастырушылар азаматтарға құжаттарды делдалдардың көмегінсіз рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Барлық азаматқа ауызша кеңеспен қатар мемлекеттік қызметтерді онлайн алу жолдары көрсетілген үнпарақтар таратылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері азаматтар онлайн түрде жүргізуші куәлігін алмастырып, электронды үкімет порталы арқылы автокөлікті қайта тіркей алатын болған. Бұл көлік жүргізушілерінің уақытын айтарлықтай үнемдейді және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігі жоғалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555