Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2835 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 12:28

Елордада апатты жағдайдағы көппәтерлі үйлерде тұрып жатқан тұрғындар жаңа пәтерлерге көшіріледі - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елордада өте қауіпті апатты жағдайдағы көппәтерлі үйлерде тұрып жатқан тұрғындар жаңа пәтерлерге көшіріледі. Бұл туралы бүгін Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Астананың келешектегі дамуына арналған кеңесте елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

Әкімнің сөзіне қарағанда, Астанада апатты жағдайда тұрғандардың санатына жататын 231 көппәтерлі үй бар. Оның ішінде 86-сы тұруға айтарлықтай қауіпті тұрғын үй болып анықталды. Осы орайда ол, бұл мәселені кезең-кезеңмен шешіп, қаланың коммуналдық меншігінен 490 пәтерді қаладағы Кенесары көшесі бойындағы Сембинов көшесі қиылысынан, Брусиловский көшесі қиылысына дейінгі  үйлерде  тұрып жатқан  тұрғындарға ұсыну керектігін айтып өтті.

Сонымен қатар қала басшысы тұрғын үйдің ауданы 1:1 есебімен алмастырылатынын жеткізді. Алғашқы кезеңде 21 үй сүріліп тасталатын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381