Сенбі, 23 Қараша 2024
5687 2 пікір 12 Сәуір, 2019 сағат 08:37

Солтүстік Корея лидері тағы да сес көрсетті

Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын өз еліне қарсы кімде-кім санкция салса, халқының алдында тізе бүктіремін деп сес көрсетті. Бұл жөнінде Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлайды.

Ким Чен Ынның сөздерінше, Солтүстік Корея халқын ұлттық экономикасы, тәуелсіз технологиясы мен ресурстары арқылы қамтамасын ете алады.

Солтүстік Корея лидері бұл мәлімдемесін Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың 11 сәуірде Вашингтондағы кездесуі алдында жариялаған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенатта Вашингтон Пхеньянға қатысты шектеулерді төмендетуі керек деген ұсынысын білдірген. Бірақ ол Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпайынша, санкцияның басым бөлігі күшінде қала береді деген.

Былтыр маусым айында АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидері тарихта бірінші рет кездесіп, "Корей түбегін ядролық қарусыздандыруға ұмтылу жөнінде" келісімге келген.

Ақпан айының соңында Ханойда болған кездесуде Дональд Трамп пен Ким Чен Ын ортақ келісімге келе алмады.

Солтүстік Кореяның ядролық арсеналы 10-60 ядролық бомбадан тұруы мүмкін. Бұл ел лидері енді сутегі бомбасын сынақтан өткіземіз деп мәлімдеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502