Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2360 0 пікір 7 Маусым, 2011 сағат 05:47

Шәріпхан Қайсар. Ақтауда АҚШ-тың логистикалық базасы орналасады

Қазақстан АҚШ логистикалық базасын Ақтауға орналастыруды ұсынды

Кеше әлемге әйгілі WikiLeaks желісі Қазақ-Америка қатынасына қатысты осындай ақпарат таратты.

«Қазақстан Ауғанстандағы әскери амалды қамтамасыз ету үшін логистикалық базаны Ақтауда орналастыруды ұсынды» деп хабарлайды ҚазТАГ АҚШ-тың мәмілегерлік ақпаратына сілтеме жасай отырып. Бұл депешаға сәйкес, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі мен Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың логистикалық базасын Ақтауда орналастыруды ұсынып, Қазақстан үкіметі реттейтіндей, Ауғанстандағы америкалық контингент үшін сатымал (закуп) ұйымдастыруды көздеген.

«2009 жылғы шілденің соңында АҚШ әскери көлік басқармасының қолбасшысы (USTRANSCOM) генерал Дункан МакНаббпен кездесуде Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Нұрлан Әбдіров АҚШ-қа тиесілі әскери жарақтандырудың Солтүстік желісін қамту үшін (NDN) жергілікті әскери емес тауар сатып алуды, соның ішінде АҚШ-тың Ауғанстандағы әскері үшін сатымалды Қазақстанда жүргізуді қолдағанына қуаныпты.

Қазақстан АҚШ логистикалық базасын Ақтауға орналастыруды ұсынды

Кеше әлемге әйгілі WikiLeaks желісі Қазақ-Америка қатынасына қатысты осындай ақпарат таратты.

«Қазақстан Ауғанстандағы әскери амалды қамтамасыз ету үшін логистикалық базаны Ақтауда орналастыруды ұсынды» деп хабарлайды ҚазТАГ АҚШ-тың мәмілегерлік ақпаратына сілтеме жасай отырып. Бұл депешаға сәйкес, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі мен Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың логистикалық базасын Ақтауда орналастыруды ұсынып, Қазақстан үкіметі реттейтіндей, Ауғанстандағы америкалық контингент үшін сатымал (закуп) ұйымдастыруды көздеген.

«2009 жылғы шілденің соңында АҚШ әскери көлік басқармасының қолбасшысы (USTRANSCOM) генерал Дункан МакНаббпен кездесуде Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Нұрлан Әбдіров АҚШ-қа тиесілі әскери жарақтандырудың Солтүстік желісін қамту үшін (NDN) жергілікті әскери емес тауар сатып алуды, соның ішінде АҚШ-тың Ауғанстандағы әскері үшін сатымалды Қазақстанда жүргізуді қолдағанына қуаныпты.

Әбдіров бұл шешім мен оның атқарылуы экономикалық әрі саяси дивиденд әперетінін ұқтырған. Осы кездесуде Қазақстан негізінен Ақтау айлағында жиналған NDN жүктері үшін «логистикалық базаны» ұсынды, - делініпті АҚШ елшісі Ричард Хоугландтың 2009 жылдың 24 шілдесіндегі депешасында. Бұл ұсыныс арқылы қазақ жағы америкалық әскери емес жүкке мәртебе беру арқылы сәйкес түрде тасымал орталығын жасақтауға алғышарт жасауға ниет білдірген секілді. Алайда, Ауғанстандағы әскерді қамтитын әскери емес тауардың қазақ айлағы арқылы жөңкілуін үшінші тарап қалай қабылдайды? Экономикалық  және саяси «түсімнен» басқа қандай салдары болуы мүмкін? Ол жағы қоғамда да, басшылықта да ашық талқыланған емес. Не болғанда да, қазақ-америка келісөзі басталып кетті. Аталған ұсынысты Америка жағы одан әрі былайша нақтылай түсіпті.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл идеясын Ақтау айлағында жүктің соншалықты іркілмеген кезінде, 2009 жылдың 30 наурызында айтқан еді. АҚШ елшілігі бұл мәселе бойынша Астанадағы өкілетті министрліктермен жұмыс істейтін болады. Өз жемісін берсе, біз бұл нысанды база деп атамауға тиіспіз, өйткені бұл АҚШ-тың әскери адамдары бар деген ойға қалдырады», - деген жолдар бар АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің жеделхатында. Әрине, қазақ жағы аталған әскери емес жүкті теңізден құрлыққа шығарып, Ауған жаққа жөнелткенге дейін қоймаға уақытша қою үшін әрі кейбір азық түрін сатып табыс тапқысы келеді. Нұрлан Әбдіров мырза Скотт әуе базасындағы АҚШ әскери көлік басқармасына сапары барысында басқарма қолбасшысы генерал Дункан МакНаббқа елдің саяси басшылығы Қазақстан аумағы арқылы Солтүстік үлестіру желісі шеңберінде әскери емес коммерциялық жүк легі іркілместен әрі кедергісіз тасымалдануына мүдделі екенін  жеткізіпті. Ал, генерал МакНабб жүктің іркілуін болдырмау үшін жүк легін америкалық көлік басқармасының реттеуіне ұсынғанын хабарлап отыр.

Сонымен, Қазақстан Ауғанстандағы америкалық  әскери емес жүкті тасымалдау есебінен және кейбір тауарды сату арқылы өзінің халықаралық мәртебесін айшықтағысы әрі пайда тапқысы келеді. Н. Әбдіров жобаның саяси әрі экономикалық қыры барын атап, АҚШ-тың Ауғанстандағы әскері үшін Қазақстаннан жасалмақ сатымалдың мәртебесін анықтауды сұрапты. Бұған жауап ретінде генерал МакНабб болса, АҚШ әскері орталық пәрменінің (USCENTCOM) бастығы генерал Дэвид Петреустің жуырда NDN әріптес-мемлекеттерде жергілікті азық-түлік өнімдерін сатып алуды құптайтыны туралы құжатқа қол қойғанын жеткізіп, бірқатар тауарды Қазақстаннан, сондай-ақ, кіндіказиялық әрі кавказ елдерінен сатымалға рұқсат беретін құжаттың жуырда әзір болғанын айтып, енді оны іске асыруды пысықтау ғана қалғанын хабарлапты.

Н.Әбдіров мырза бұл жауапқа қанағаттанып, генерал МакНаббқа ақпараты үшін алғыс айтып, келесі қадам жергілікті жерде сатымал жасау тетігін жолға қою екенін және азық түрлерінің тізімі мен көлемі анықталған соң, келісімшартқа қол қоюға болатынын жеткізеді. Ол одан әрі  Солтүстік желі  туралы келісім үкіметаралық болғандықтан, Қазақстан үкіметі бұл үдерісті басқаруға тиіс деген екен, оған генерал МакНабб әр тараптың бизнес жүргізуде өз амалдары барлығын және АҚШ-тың қазақстандық стандарт бойынша жұмыс істейтінін хабарлапты. Осылай ойдағыдай біте берген мәміленің соңын  Қазақстанның Вашингтондағы әскери атташесі полковник Меңдіғалиев сөз сұрап бұзған құсайды. Ол президент Назарбаевтың АҚШ-қа «Қазақстанда логистикалық базаны орналастыруды Өзбекстандағы көлік мәселелеріне орай Ақтау айлағында қордаланған жүкті сақтауға арналған уақытша аймақ ретінде» қарастыруды ұсынатынын айтады. Н. Әбдіров болса, оған аң-таң қалып, ұсыныстың мұндай мазмұнынан бейхабар екенін жеткізіпті. Президенттің өзімен бұл мәселені талқыламағанын айтып, полковник Меңдіғалиевпен жеке сөйлесу керектігін өтініп, отырысты аяқтаған сыңайлы. Дегенмен, генерал МакНабб АҚШ-тың Ақтауда жүк іркілісін болдырмау үшін де, уақытша жүк қоймасын құру үшін де, көлік қозғалысын реттеуге келісетінін хабарлаған. Сонымен, аталмыш жобаның астарында аймақтық қазақ-өзбек тартысы да аңғарылыпты.

Қазақ ұлықтары қаншама белсенгенімен, АҚШ жағы барынша абайлап қимылдауда, АҚШ елшілігі: егер бұл жоба жүзеге асса, Әбдіров пен Меңдіғалиев «логистикалық база» деген терминді қолданғанымен, басқа тарап АҚШ ол айлақта өз әскери базасын жайғастыруда деп түсінбес үшін «логистикалық нысан» немесе «жүк қоймасы» деген терминді қолдануды жөн санауда.

WikiLeaks интернет желісі таратқан ақпаратта айтылғандай, қазақстандық әскери атташенің Қауіпсіздік кеңесі бас хатшысының орынбасары бейхабар болған саяси ұсынысты соның көзінше екінші тарапқа жасағаны қатты таң қалдырғаны айтылыпты. Саяси ұсынысты саяси шенеуніктің емес, әскери ұлықтың жеткізуі қазақтан басқаның бәрін де қайран қалдырып жатса, ол қазақ билігінің айырықшалығы болар...

Сонымен, Қазақстан Кіндік Азиялық үлкен ойынға белсене араласа бастады, арты не болар екен... Әйтеуір, қайырын берсін!

«Абай-ақпарат».

(Материал WikiLeaks әлеуметтік желісі бойынша сарапталды).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407