Азат ҮСЕН. УРБАНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР
Қазақ елінің тәуелсіздігіне - 20 жыл
Ғалымдардың болжамы бойынша, таяу жылдары халқымыздың басым бөлiгi iрi қалаларда шоғырланатын көрiнедi. Егер ғасыр басында қалаға көшушiлердiң саны 1,5-2 миллионды құраса, соңғы үш жыл iшiнде 867000 адам ауылдан қалаларға қоныс аударыпты. Ауылдан қалаларға қоныс аударушылардың басым көпшiлiгi Алматы, Астана, Ақтөбе сияқты экономикасы мен мәдениетi өсiп отырған қалаларға көшуде екен. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, үдере көшудiң әсерiнен Жамбыл, Қызылорда, Солтүстiк Қазақстан облыстарының тұрғылықты халықтары есебiнен азайып қалған көрiнедi. Ауыл халқының iрi қалаларға көшуiнiң басты себебi жергiлiктi жерлердегi жұмыссыздық мәселесi болып отыр. Таяу арада «Iшкi көшi-қон туралы» заңды бүгiнгi қалыптасып отырған әлеуметтiк жағдайға сай реттемесек, онда жақын болашақта ауылдарда халықтың тұрақтап қалуы неғайбыл. Сондықтан iшкi көшi-қон процесiн тоқтату үшiн барлық аймақтарда өндiрiстi, әсiресе, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындарды көбейту керек. Түптiң түбiнде бiз осы жолдарға қайта ораламыз.
Ауылдарда қалаға тән тiршiлiк пен тұрмысты қалыптастырмай, халықты шоғырландыру мүмкiн емес
Қазақ елінің тәуелсіздігіне - 20 жыл
Ғалымдардың болжамы бойынша, таяу жылдары халқымыздың басым бөлiгi iрi қалаларда шоғырланатын көрiнедi. Егер ғасыр басында қалаға көшушiлердiң саны 1,5-2 миллионды құраса, соңғы үш жыл iшiнде 867000 адам ауылдан қалаларға қоныс аударыпты. Ауылдан қалаларға қоныс аударушылардың басым көпшiлiгi Алматы, Астана, Ақтөбе сияқты экономикасы мен мәдениетi өсiп отырған қалаларға көшуде екен. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, үдере көшудiң әсерiнен Жамбыл, Қызылорда, Солтүстiк Қазақстан облыстарының тұрғылықты халықтары есебiнен азайып қалған көрiнедi. Ауыл халқының iрi қалаларға көшуiнiң басты себебi жергiлiктi жерлердегi жұмыссыздық мәселесi болып отыр. Таяу арада «Iшкi көшi-қон туралы» заңды бүгiнгi қалыптасып отырған әлеуметтiк жағдайға сай реттемесек, онда жақын болашақта ауылдарда халықтың тұрақтап қалуы неғайбыл. Сондықтан iшкi көшi-қон процесiн тоқтату үшiн барлық аймақтарда өндiрiстi, әсiресе, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындарды көбейту керек. Түптiң түбiнде бiз осы жолдарға қайта ораламыз.
Ауылдарда қалаға тән тiршiлiк пен тұрмысты қалыптастырмай, халықты шоғырландыру мүмкiн емес
Қазiргi уақытта ауылдарға қалаға тән тiршiлiк пен тұрмысты қалыптастырмай, халықты ауылдық жерлерде ұстап қалудың ешбiр қисыны қалмады. Осыдан төрт-бес жыл бұрын мемлекет басшысы болашақта ауылда халықтың жиырма пайызы қалатындығын айтқан болатын. Бүгiнгi ауылдан үлкен қалаларға көшiп жатқан халықтың қозғалысы осыны дәлелдеуде. Қазақстан жағдайындағы қазiргi урбанизация жұмыссыздықтан туған амалсыздық шарасы болып отыр. Қазiр елiмiзде 86 iрiлi-ұсақты қала, 200 қала тектес кенттер бар. Олардың даму ерекшелiктерi де әртектi. Кезiнде әлеуметтiк-экономикалық жағдайы күйзелiске түскен 33 қазақ ауданын Қазақстан дағдарысының көрсеткiшi, моделi ретiнде айтып келсек, ендi оған ауыр күйзелiске түскен ауылдарды да қосып айтатын болдық. Жалпы, жаңа қатынастарға негiзделген индустриалды қоғам құру дәуiрiнде урбанизация процесiн ешкiм тоқтата алмайды. Ол - уақыт талабы. Сондықтан ауылдан ағылған жастарға арзанқол баспаналар соғылып, ол баспаналарды жастарға несиеге берудiң оңтайлы жолдарын қарастыру қажет.
Урбанизация процесiнiң ғылыми негiзде жүргiзiлмеуiнен iшкi қайшылықтардың күрделенуiне әкелiп соғып, сұраныс талғамы экспорттық өнiмдерге деген тәуелдiлiгiмiздiң бояуын қалыңдатып отыр. Ауыл халқының iрi қалаларға үдере көшуiнiң түйткiлi әлеуметтiк қайшылықтарға әкелiп соғуда. Мұның салдарын Алматы маңындағы «Шаңырақ», «Бақай», «Думан» оқиғасынан, Астана түбiндегi кейбiр елдi-мекендердiң, Шымкент қалаларының жағдайынан көруге болады. Жалпы, Алматы маңына халық неге шамадан тыс шоғырланады? Олар Алматы қаласынан басқа аймақтардан неге тұрақ iздемейдi? Оның шегi бола ма? Ендi мәселенi осы тұрғыдан қарастырып көрелiк.
Қазiр қазақтың қалаға көшу процесi стихиялы түрде жүрiп жатыр. Бiрақ урбанизация дәстүрi қазiргi деңгейде қандай да бiр қарсылықтарсыз жүзеге аса алмайтынын уақыттың өзi көрсетуде. Шағын елдi-мекендердiң «болашағы жоқ» деген себеппен, ауылдарды қолдан жою, сөйтiп iрiлендiру саясатының болжамсыз жүргiзiлуi iрi қалаларға өз салқынын қатты тигiздi. Үкiмет бұл тұрғыда қажеттi заң тетiктерiн қабылдамаса да, бұл «процестi қоғамның өзi сұрап отыр» деген пiкiрдi қалыптастыруы әлеуметтi әбден шатастырып жiбердi. Екiншiден, қазiр iшкi көшi-қон мен сыртқы көшi-қонның көзге көрiнбейтiн iшкi араласу процесi стихиялы түрде өрiс алды.
Оған Азаматтық кодексiмiз бен «Көшi-қон туралы» заңымыздағы өзгерiстер, «Қазақстанға қайтып келемiн» деген экс-қазақстандықтар үшiн бiраз кедергiлердiң жеңiлдетуi де себеп болғансиды. Заңға енгiзiлген өзгерiстер бойынша 1991 жылға дейiн Қазақстанда тұрғандар еш кедергiсiз елiмiз азаматтығын алатын болып шешiлуi сыртқы көштiң әлеуетiн арттырып, олардың сан жағынан басымдық танытуына жол ашып бердi. Мұның өзi қалаларда орыс тiлдi ортаның қайтадан күш алуына әкелiп соғуда. Бүгінгі таңда Алматы қаласына Ресейдің ішкі аудандарынан көшіп келушілердің саны едәуір артып отырғандығы байқалады.
Қазақстаннан ұзақ уақыт тысқары тұрғандар Еуропаның менталитетiне бой ұрып, соның өмiр салтына бейiмделiп келгендер екендiгiн ескерсек, олардың күндердiң күнiнде өмiрiмiзге өз өзгерiстерiн алып келетiнi анық.
Қазақ халқының 44,5 пайызы, Еуропа халқының 7 пайызы ауылдарда тұрады деген сөз қайдан шыққан? Рас, еуропалықтардың ауылда тұратын сол 7 пайызының iрi қалаларда келiстi үйлерi және 500 гектардан жерлерi бар екендiгiн неге ескермеймiз? Еуропа халқы тығыз орналасқан, әрқайсысында 60-70 млн. халық тұрады. Ауылда тұрады деген 7 пайызының өзi 15-20 млн. адамды құрайды. Бейресми мәлiметтер бойынша елiмiздiң кейбiр шекаралық аймақтарында бала саны толмауы себебiнен жалпы бiлiм беретiн мектептер жабылып қалудың алдында тұрған көрiнедi.
Саясатта әлеуметтiк жауапкершiлiк деген ұғым бар. Үкiмет халық, мемлекет алдындағы жауапкершiлiктi әлi комплекстi түрде жүргiзген емес. Урбанизация саясатына (қалаға келген отбасына) нақты қолдау көрсету мәселесi Үкiметте тәуелсiздiк алғалы 16 жылда бiрде-бiр рет талқыланған емес. Қалаға келген ауыл адамдарына баспана алу немесе пәтер жалдап тұру үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк көмек беру туралы да мәселе көтерiлмедi. Үкiмет халықты қалаға шоғырландыру, мобилизациялау жолдарын дер кезiнде қолға алмады. «Ауыл жылы» деп жарияланған үш жылда ауыл мұқтажына бөлiнген 50 миллиард теңгенiң шығу жолы болса да, «қонған» жерi байқала қоймады. Осыған орай көршiмiз Ресейде қолға алынып отырған бiр iргелi iстi мысал ретiнде айта кетсек.
Қазақстанда жастарды ауылда тұрақтандыру үшiн не iстелiп жатыр?
Ресейде ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Александр II-нiң тұсында сот реформасы, земство реформасы, әскери реформа мен қала реформасы қатар жүргiзiлдi. Сол арқылы Ресей барлық аймақтарда қала мәдениетiн қалыптастырып, оны үнемi дамытып отырды. Қазiргi Ресей өңiрiндегi үлкен қалалардың жанында серiктес қалалардың бой көтеруi қала реформасын жүргiзу кезiнде бастау алған саясаттың жемiсi.
Қазiр Мәскеу маңында - 14, Рязанның айналасында - 9, Новосибирскiде - 11, Дондағы Ростовта - 10, Саратовта - 8 серiктес қалалар орналасқан. Олардың кейбiрiнде жүз мыңнан астам халық тұрса, кейбiрiнде 50-60 мың тұрғын тұрады. Мұндай серiктес қалалар да Украина мен Белоруссияның iрi қалаларының жанынан да бой көтерген. Мұның өзi iшкi көшi-қон саясатын реттеудегi негiзгi фактор болып отыр.
Қытай әлеуметтiк-экономикалық реформаларын ауылдан көтеруден бастады. Өйткенi, оларға миллиардтан астам халық үшiн азық-түлiк проблемасын шешу ең басты мәселе болды. Сондықтан олар халықты ауылда ұстау үшiн оларға сервистiк қызмет көрсету мәдениетi жоғары агроиндустриялық серiктес қалалар тұрғызу саясатын жүргiздi. Осыдан бiр жыл бұрын Пекин қаласының әкiмшiлiгi Олимпиада ойындарына орай қала маңында серiктес үш қаланың құрылысын бастаған-ды. Болашақта Қытай астанасының күншығысында орын тепкен Шуньи, Тунджо және Ичжуан атты үш қалада 900 мың халық тұратын болады. Бұл қалаларда осы заманғы жоғары технологиялар мен көрме және ойын индустриясы орналастырылған көрiнедi. Көршіміз біздің Харгос шекаралық аймағымызға таяу маңнан болашақта екіжүз мыңға жуық халық тұратын орасан зор әлеуеті күшті қала салуды жоспарлауда. Сол сияқты Ресейде Кемеров қаласында серiктес қалалар салу туралы аймақ губернаторы Аман Төлеевтiң шешiмi шыққан. Экологиялық тұрғыдан таза аймақта бой көтеретiн қалада болашақта 800 мың шаршы метр үй салынбақ екен. Соңғы кезде бiздiң елiмiзде де мемлекеттiк бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй салу жүйесi қарқынды жүргiзiле бастады. Бiрақ бұл бағдарламада белгiлi бiр жүйе сақталмай келеді.
Осыған байланысты тиiстi бақылаушы құрылымдар мемлекеттiк бағдарламаның жүзеге асуына жан-жақты зерттеу жүргiзiп, көптеген кемшiлiктердi тiзiп шықты. Тексеру нәтижесi көрсеткендей, бiрiншiден, Мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғызылған үйлердi сапасыз салу және пайдалануға мерзiмiнен кешiктiрiп беру белең алған.
Екiншiден, шағын қалалардың басым көпшiлiгiнде аумағы үлкен пәтерлер салу жоспарланған. Мұның өзi пәтер құнының қымбаттауына әкелiп соқтырған, ол табысы төмен адамдар үшiн қол жетiмсiз болған.
Үшiншiден, әрiптес банктердiң ол жерлерде филиалдарының жоқтығынан халық шағын қалаларда мемлекеттiк бағдарлама бойынша ипотекалық несиеге қол жеткiзуi қиындыққа әкелiп соғып отыр.
Төртiншiден, кейбiр қалаларда салынған үйлер шеткерi аймақтарға салынып, халықтың орталыққа қатынауына қолайсыздық тудырған әрi салынған үйлер қазiргi заман талабына сай емес болып шыққан. Ондай үйлерге қоныс тебушiлердi банктер несиелендiруге ықылас танытпаған. Нәтижесiнде, көптеген үйлер қаңырап бос қалған. Мiне, осы мәселелер кiм-кiмдi болса да ойлантары хақ.
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазақстан Республикасының аумақтың дамуының 2015 жылға дейiнгi стратегиясын жүзеге асырудың негiзгi бағыттары» деген тақырыпта жиын өткiзiлiп, онда сол кездегі Парламент Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев сөз сөйлеп: «Ең бiрiншi кезекте ауылдық аудандардың мұқтаждықтарына назар аудару қажет. Ауылдарда таза су, жөнделген жолдар, аурухана және мектептер болмаса, елiмiздiң бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы айтуға болмайды», - деген едi. Қойылып отырған мәселе дұрыс, бiрақ оны қалай жүргiземiз, ол туралы нақты айтылмады.
Қазiр бiзде 7 мыңға жуық ауыл болса, солардың мыңнан астамының даму әлеуетi бүгiнгi күн жағдайына жауап бередi деп табылып отыр. Демек, мұндай ауылдарды өңiрлер бойынша сұрыптап, олардың арасында шағын қалаға айналуға мүмкiндiгi барларын анықтап, ол жерлерде қалалық инфрақұрылымды қалыптастыру қажет.
Серiктес қала мен қалаға iргелес елдiмекеннiң айырмасы неде?
Қазақстан үшiн серiктес қалалар салу үрдiсi тосын шара емес. Мәселен, Қарағандының маңында мұндай қала өткен ғасырдың орта кезеңiнде бой көтерген. Абай, Шахтинск, Сарань қалалары кешегi алып индустрияның орталықтарына айналған шағын қалалар санатына жатады. Сол сияқты Ақтөбенiң жанында да Алға, Октябрьск, Хромтау қалалары қазбалы жер асты байлықтарының арқасында химия, мұнай, тау-кен индустриясының орталықтары ретiнде қарыштап дамыды. Мемлекет басшысы Алматыға келген сапарында Алматы қаласының жанынан серiктес қалалар тұрғызу жөнiнде мәселе көтерген болатын. Осыған сай таяу уақытта Алматы мен Қапшағай трассасының төңiрегiнде тұрғызылатын Алматының серiктес қалаларының құрылыстары басталмақ. Осы себептi Алматы қаласы мен облысында коммерциялық жер телiмдерiн сатуға қатаң тыйым салынды. Осыған сай облыс аумағынан қалаға біраз жер телімдері беріліп отыр.
Осы ретте серiктес қала мен қалаға iргелес елдiмекеннiң айырмасы қандай деген сұрақ туындайтыны айқын. Қазiр Алматыға iргелес жатқан елдi-мекендер тек қана Алматының емес, бүкiл Қазақстанның проблемасына айналып отыр. Қалаға қосылған елдiмекендердiң инфрақұрылымдарын жақсарту үшiн қала бюджетiнен қомақты қаржы жұмсалған. Мұның өзі аз қаржы емес. Алайда, мұнымен Алматы маңындағы елдiмекендердiң бар проблемасы шешiлген жоқ. Кезiнде iргелес мекен болып саналып келген Өжет, Қарасу, Горный Гигант, Қалқаман сияқты ауылдар бертiн келiп қалаға қосылып, үлкен проблема тудырғаны айқын. Оның үстiне Алматы облысының Талғар, Iле, Қаскелең аудандары тұрғындарының 70-80 пайызы Алматы қаласының өндiрiс орындарында жұмыс iстеп өз нәпақаларын қаладан айырып отыр.
Қазiрдiң өзiнде Алматы мен Қапшағай қалалары арасында салынатын серiктес қалалардың техникалық шарттары жасалған. Онда Алматы маңында төрт серiктес қала салу жоспары бекiтiлiп әр қалаға жеке дара мiндеттер жүктелген. Бірақ бұл бағдарламар күні бүгінге дейін қолға алынған жоқ.
Бекiтiлген жоспарға сәйкес алғашқы қала халықаралық бизнес орталығы ретiнде Байсерке ауылында да салынбақ. Қапшағай күре жолының Қаскелең өзенi қиып өтетiн тұсында Заречный кентiнде сәулеттi екiншi қала салу көзделген. Ол өндiрiс ошақтары шоғырланған индустриялы әрi курорттық-туристiк қала болмақ. Бүгiнгi өркениет дамуына сай Жетiген ауылында мәдениет ошақтары көптеп қарастырылған әдемi қала тұрғызылады. Ал төртiншi қала бай тарихи негiзi бар Қапшағай қаласы болып отыр. Серiктес қалалар бой көтерген жағдайда Алматыдағы көптеген өндiрiс кәсiпорындары солардың бiрiне көшiрiлмек. Бұл Алматының ауасын тазартып, оның ежелгi сұлулығын орнықтыруға негiз қалайтын болады.
Урбанизация министрлiгiн құру керек
Халқымыз дәл бүгiнгiдей бар үмiтiн қаладан iздеп отырған тұста елiмiзде Урбанизация министрлiгiн құрып, оған бүкiл көшi-қон мәселесi мен қалаға бағыт алған халықты өркениет талаптарына сай орналастыру мiндеттерiн жүктеу қажет.
Қазiргi уақыттағы тағы бiр үлкен маңызды мәселе: елiмiзге құрылыстық жаңа технологиялардың келуi. Құрылыс индустриясы дамыған сайын үй салудың, оны безендiрудiң формасы арта түседi. Құрылыс жүргiзу iстерi қай заманда да сәулет өнерiне иек артқан. Қазiргi Алматыда салынып жатқан ғимараттардың әртүрлi композицияда орындалуы көз қуантады. Әлемдегi мемлекеттердiң бәрiнде өзгеге ұқсамайтын әр халықтың өз менталитетiне сай ұлттық ерекшелiктерi ескерiлiп, сәулет өнерi болады. Қазiргi салынып жатқан үй қабырғаларындағы ою-өрнектердi, ғимараттарға кiреберiстегi ұлттық нақыштармен әсем өрiлген маңдайшаларды бiрден аңғаруға болады. Даңғылдардың кеңдiгi, тротуарлар, фонтандар қаланы барынша көркейтiп сәнiн арттыруда. Сайып келгенде, мұның бәрi бiзге ең алдымен ұлттық дәстүрiмiздi қалыптастырып, соны өзгелерге сыйлата бiлетiн және оны орындататын заңдар қабылдаудың арқасында болып отыр. Алдағы уақытта Алматы ең алдымен қазақ рухына сай келетiн экологиялық таза, әлеуметтiк мәселелер оңтайлы шешiлетiн қала болып көркейе түседi. Мұндай мәселелер қазірдің өзінде облыс орталықтарында да туындауда. Облыстық әкімшіліктердің үкіметте облыс орталықтарының бас жоспарын қарап бекітуі осының айғағы. Демек қалаларды дамыту және оны кеңейту кезінде осы мәселелерді кеңінен қарастырған жөн.
Азат ҮСЕН