Стоматологиялық қызмет барлық тұрғынға қолжетімді болуы қажет - БҚО
ОРАЛ. 7 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Стоматологиялық қызмет барлық тұрғынға қолжетімді болуы, мемлекеттік стоматологиялық емдеу мекемелерінің жүйесін кеңейтіп,сапасын көтеру қажет. Бұл туралы Орал қаласында өткен семинар-кеңесте айтылды.
Өңір стоматологтары бас қосқан кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас стоматологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Есембаеваның атап өткеніндей, қазіргі таңда Қазақстанда кариестің тұрғындар арасында таралуы 75 пайыз, ал пародонт 73 пайызды құрап отыр. Тіс дертіне оқушылар, ауыл тұрғындары мен жасы ұлғайған адамдар жиі шалдығады. Ауылдық жердегі стоматологиялық қызмет түбегейлі жақсартуды қажет етеді.
Батыс өңірдегі басты мәселе - елді мекендердің аудан орталықтарынан қашықта орналасқандығы. Сондықтан тісі ауырған адамның емделуге мүмкіндігі бола бермейді.
Мемлекеттік стамотологияның кенже қалуы аталмыш салада өзгерістердің қажеттігін көрсетіп отыр. Әсіресе, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, стомалогиялық қызмет сапасын арттырудың аймақтық бағдарламасын жасау, кадр жетіспеушілігі сынды мәселелерді кешеуілдетпей шешудің маңызы зор.
Республикада 8100 мектепте 2,7 млн. шәкірт білім алса, білім ордаларының тек 4,5 пайызында ғана тіс кабинеттері бар. Сондықтан мектептерде тіс кабинеттерін ашуды қолға алу қажет.

Аталмыш министрлік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес 2011-2015 жылдарға арналған стоматологиялық қызметті дамытудың тұғырнамасын әзірледі. Оны жүзеге асыруда балалар мен жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен жасы ұлғайған адамдарға ерекше көңіл бөлінбек.