Қазақ қымызы мен шұбаты әлемді жаулайды
ІІ жаһан соғысында орыс-неміс майданда тұтқынға түсіп, жазасын қазақ жерінде өтеген немістің әскери тұтқындары өз еліне оралған соң, бие байлаған. Солар қымызды әуелі Еуропаға, кейін әлемге танымал етті. Әрі құрғақ қымыз шығаратын құрылығы ойлап тапты. Ол құрылғыны қазақ арграилері де кәдеге жарата бастады.
Қазір АҚШ, БАӘ, ЕО, Қытай, Ресей, Оман, Бахрейн, Сауд Аравиясы сияқты әлемдік ең ірі нарықтардан қазақ қымызына қызығушылық туындап отыр. Осы бағытта 2015 жылы іргесі қаланған Қарағанды облысындағы Осакаров ауданыдағы Дальный ауылдық округінде орналасқан «Еуразия Инвест ЛТД» компаниясының зауытынан былтырғы жылы Saumal брендімен 30 тонна қымыз экспортқа шығарылды.
Еуропада құрғақ бие сүтін өндірумен және қымыз сатумен 30 аса компания айналысады. Қазақ кәсіпкерлері осы жылдың қаңтарында Берлинде өткен «Жасыл апта» дәстүрлі көрмесіне қатысып, неміс әріптестерімен әріптестік келісімдерге қол жеткізді. Баден-Вюртемберг жеріндегі Kurgestut Hoher Odenwald фермасының иесі Ганс Цольман құрғақ қымыз өндіретін құрылғылардың қазақ жеріне жеткізілуін өз мойына алды.
«Еуразия Инвест ЛТД» наурызда АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік алды. Екі америкалық компания қазақи өнімге ықлас танытты. АҚШ сауда талабына сай келетін «Саумет» өнімі енді осы елдің дүкендерінен өз орнын алатын болады. Saumal маркасы болса, осы елде әлемдегі ең ірі Amazon интернет-дүкені арқылы жарты жылдан бері саудаға түсіп келеді.
Бұл арада баса айтатын жай қазақ биесінен алынған құрғақ сүт Еуропа биелеріне қарағанда биодәрумендерге бай. Оның үстіне Еуропалық жылқылар тебіндемейді. Енді қазақ кәсіпкерлері әлемге қымызға қарағанда танымалдығы зор, шұбатты да экспортқа шығаруды қолға алғалы жатыр.
Әбіл-Серік Әлиакпар
Abai.kz