Өскеменде жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің жұмысы тексерілуде
ӨСКЕМЕН. 8 маусым. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен әкімшілігі жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің жұмыстарын тексеруге кірісті.
Бүгінгі таңда қала бойынша жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің саны - 14. Олардың барлығы қызметкерлермен, орын-жайлармен және интернетке қосылған ұйымдастыру техникаларымен жарақталған.
№1 Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қарамағына кіретін аумақтардың жағдайын бірінші тексеру рейді кеше Жыланды ықшамауданында жүргізілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қала әкімі Ислам Әбішев бастаған комиссия тарапынан айтылған сын-ескертулердің орындалуын өз бақылауына алды.
Қала әкімінің айтуынша, комитеттердің жұмыстарына барлық жағдай жасалып отыр, енді олардан атқарған жұмыстарының есебін сұрайтын кез келді.