Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Сайлау 5766 46 пікір 23 Сәуір, 2019 сағат 11:47

Елбасы «Нұр Отан» партиясынан Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының ХІХ съезінде билік партиясы атынан президент сайлауына кім қатысатыны айтылды. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» атынан ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тоқаевты "тәжірибелі саясаткер" деп бағалады.

- Менің саясатымды қазақстандықтардың басым бөлігі қолдайтынын білемін. Бұл маған сенім ұялатады. Адамдарға тұрақтылық керек. Қазақстан президентімен бірлесіп елді күшейту жолында жұмыс істеймін, - деді Елбасы.

Партия съезінің жұмысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент палаталарының төрағалары Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматулин,  Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, дипломатиялық корпус өкілдері, өңірлерден келген 627 делегат, жалпы 1500-ден астам адам қатысып отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін жариялаған.

Қазақстанда кезектен тыс өтетін президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталған. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Abai.kz

46 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052