Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2329 0 пікір 9 Маусым, 2011 сағат 07:51

Ермұрат БАПИ. АЙЫРМАШЫЛЫҚ

Оқырманын ақымақ көретін бір газеттер бар. Атын атау  арға сын. Астана жақтың шенеунігі нені аңқытса  соны асыл көріп, ойына келгенді оттайды. Нобайын айтайын  бүйтіп жазыпты: «Қытаймен арадағы ішкі саудамыздағы есептің айырмашылығы 5,4 миллиард доллар болды».
Апыр-ау, «айырмашылығы» несі демеймін бе? Шұқшия келсем, бұл қытайлардың пайдасындағы айырмашылық екен. Оны қазақшалап айтсаң, Қытайдан кірген тауардың біздегі 5,4 миллиард доллары жоқ деген сөз. Яғни Қытайдан шыққан, бізде  ізім-ғайым. Жоқ есептің мөлшері ел бюджетінің бестен біріне парапар. Оның құрығанда 20 пайызы салыққа түсуі керек деп есептесең, 1,8 миллиард доллар болады. Орасан зор ақша!
Сөйте тұра, әлгі газет әлгі шенеуніктің сөзімен жұртты жынды қылады: «Бұл  екі жақтағы есептің екі түрлі жүруінен туған алшақтық»,  деп. Айтпағы  тауар бар, ақша  орнында, есеп  қате.
Осыны «оттады» десең, оғаш бола ма? Оқырман кешірер  бола қоймас.
Мынаған қараңыз: есеп екі жаққа ортақ доллармен жүреді. Олар юаньмен, біз теңгемен өлшесек, екі арадағы айырма ырсиып қалары ықтимал. Ендеше, кеткені  бар, келгені неге жоқ?
Екіншіден, қисапқа қатты қытай қате жіберді деп айта алмайсың. Олардағы қате жіберу  өліммен тең: жемқорлық жасадың деп атып тастайды. Өле алмай жүрген қытай жоқ: кеткен тауардың сынық центін сыртқа жібермейді.
«Ал ендеше?»  дейсіз тағы. Ендеше, кінә  біздің кеденде.

Тағы мынаған қараңыз: пойыздың тасымалын былай қойғанда, күніне біздің кеденнен төрт мыңға жуық автокөлік өтеді екен. Соның үштен бірі тіркеусіз өтеді. Тіркелгені  темекінің орнына табак, етігі  елтірі, шегесі  шемішке. Яғни  контрабанда!
Енді осы «банда» Қорғаста ғана қорғанып жатыр деймісіз? Бес миллиардты бес тиын көрмей көмекей асырған кеден ғана дегенге дені дұрыс адам әсте сене ме? Былықты бас бармақтан сорып тудыратын биліктің бықыған бақылаушылары шошқа тағалап жүрмеген болар.
Айырмашылық есепте емес, баста. «Қазаннан кеткен қақпақтың...» керін келтірсең, «Бастан «мораль» кеткенде, есептен ес кетеді» деген  осы шығар. Ондай баста «ел», «ертең», «патриоттық», «намыс» деген атаулар әдірам қалса керек.
...Осының жөнін Аягөздегі Аман ағадан сұрайын деп бір оқталдым да, «сенікі оттаған» деген сөз естімейін деп, ойымнан қайттым. Себебі, ағамның ары асырып айтарын сезем: «Жуан мойынға емес, билікке бекіген бастың тәбеті асқынғанда, «ұрла да  же» ұранға ұласады»,  демек қой.
Біледі бәле...

«Общественная позиция» газеті
(«DAT» № 21 (104) 08 маусым  2011 ж.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475