Ескі жырмен елді алдау…
Құрылтай мүшәйрасының құлдырап бара жатқанын көрсетеді
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дейтін қазақтың бір тойы жақында ғана Астана қаласында өтті. Онсызда дауға толы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төңірегіндегі алып қашпа сөздерге мойын бұрмайық десек те, ІV құрылтайдың аясындағы Дүниежүзі қазақтарының «Жырым саған, Ата-жұрт» атты жыр мүшәйрасы тағы да «әттеген-ай» деп сан соқтырды.
Құрылтайдың және аталған мүшәйраның өтетіні жайында Қауымдастық бір жыл бұрын-ақ жарнамалап еді. Амал не, енді мына өлеңдер...?
«Егемен Қазақстан» (28.05.2011) газетінен оқығанмыздай мүшәйраның әділқазылар алқасынық құрамы «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бастаған қазылар алқасының құрамында Сұлтанәлі Балғабаев, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Ақсұңқар Ақынбаба, Әкім Сәдуақасұлы сынды көпшілікке таныс ақын-жазушылар болды» - деп көрсетілген екен. Салмағы жағынан жаман емес.
Алдын ала сан қайталанып баспасөзде жарияланған мүшәйра шарттарыныдағы: «Автордың шығармасы ешбір жерде жарияланбаған болу керек (www.kazaktar.kz)» деген жолдарды көзі бар оқырманның бәрі де көріп білген-ді.
Ал енді жүлдегерлер мен жүлделі өлеңдерге келейік. Қазылар алқасының шешімімен 3-ші жүлделі орын Төлеген Мәлік пен Қайрат Кәмейге, 2-ші жүлделі орын Тоқтарәлі Таңжарық пен Жанат Боқашқа, 1-ші орын Қуаныш Дәлейге, ал бас жүлде Бауыржан Қарағызұлына бұйырған екен.

Қош, бәрі де жаман ақын емес. Бірақ көбі бұрын жарияланған, ескі өлеңдер екенін есті оқырманның бәрі де аңғарған болар.
Бас жүлде алған Бауыржанның «Қазақ» өлеңінің жазылғанына, жарияланғанына мен емес, бүкіл интернет сайттары куә. Тіпті талай тойларда да оқылып жұрт құлағына әбден сіңісті болған.
Тіпті масқараның масқарасы болғаны 2-жүлде алған Тоқтарәлі Таңжарықтың «Жылқылар» жыры. Аталған өлең 2008 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жағынан ұйымдастырылған «Атамекен - тұғырым, ана тілім - тұнығым» атты халықаралық жыр мүшәйрасында оқылып, жүлдеге ие болған еді. Әрі аталған ұйым жағынан сол жылы жарық көрген «Армысың Атамекен» атты мүшәйраға арналған жыр жинағының 63-бетінен ойып тұрып орын алған. Газет-журналдарда да жарияланған. Енді міне, сол атымен түсі өзгермей, тағы да бәйгеге қосылған Тоқтарәлінің «Жылқылары» «Егемен Қазақстанда» ерсілі-қарсылы шауып жүр. Сүйген құлдарының ескі өлеңдеріне қайта-қайта жүлде ұсына беретін қазылар алқасының не білгені бар, ол жағы бізге беймәлім. Мүмкін жыр жүлдесіне берілетін «теңге саудасы» базарға түсіп, бір пендешілік араласқан шығар.
Десе де, «Ескі жырымен елді алдаған ақындар ма, аңғалдықпен адасқан қазылар ма?» деген оймен оқырмандар да аң-таң болып отыр. Әйтеуір дауы көп тойға тағы бір мін жамалды.
Ақерке ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
«Жас қазақ үні»