ІІМ Алматы академиясында биыл 230 жоғары білімді жас маман әзірленді
АЛМАТЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясында 4-курсты бітірушілердің салтанат рәсімі өтіп жатыр. Түлектер Академия туымен қоштасып, алаңмен соңғы рет сап түзеп жүріп өтті.
Оқу орнының Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасынын оқытушысы, заң магистрi, полиция аға лейтенанты Сәбит Жеңісұлының айтуынша, биыл бұл жоғары оқу орнын барлығы 230 түлек бітіріп шыққалы отыр. Оның 16-сы үздік оқығаны үшін Қызыл диплом алмақ. Салтанатты шараға бітіруші түлектердің ата -аналары мен туған-туыстары қатысты.
«Бітірушілеріміздің 90-ны тергеуші, 70-сі криминалист, ал 70-сі әкімшілік полициясы саласы бойынша мамандық алып отыр. Оқу орнына жолдамамен келгендер өз облыстарында қызмет етсе, қалғаны құқық қорғау органдарының сұранысы бойынша жұмыс жасағалы отыр», - дейді С. Жеңісұлы. Онда академия бастығы, полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы Талғат Құлыбаев, түлектерге сәт сапар тіледі. Негізі 1956 жылы қаланған бұл жоғары оқу орны қазіргі атауын 1999 жылы иеленген болатын. Онда курсанттар 4 жыл оқып, полиция қызметіне қатысты түрлі мамандықтарды игеріп, лейтенант шенін алып шығады. Казармалық жүйеде темірдей тәртіппен тәрбиеленген бұл мамандар өнерден де құр алақан емес.