Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2375 0 пікір 12 Маусым, 2011 сағат 10:09

Бұрынғы Кеңес Одағы елдері аса маңызды нарыққа ие - Бельгияның Қазақстандағы елшісі Даниель Бертран

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - «ЕО мен ЕҰУ арасындағы достық көпірі» атты шара аясында 9 маусым күні Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен оқытушыларына Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Даниель Бертран арнайы дәріс оқыды.

Дипломат өз елінің халықаралық қарым-қатынасы және Қазақстанмен орнатылған әріптестік байланыс туралы әңгімеледі, деп хабарлады білім ошағының баспасөз қызметінен.

«Бельгия - Еуропадағы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет. Біздің сыртқы саясатымыз Еуропаға бағытталған. Біз үшін интеграция үрдісі кезінде Еуропалық одақпен байланысты нығайту аса маңызды», - деп дәрісін бастаған Елші екінші бағыттың трансатлантикалық елдер екенін айтты.

«Америка мен Еуропа жақын көршілер», - деп сөзін жалғаған елші Бельгияның Африка елдерімен және Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Латын Америкасымен тығыз қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

«Біз әлемнің өзгергенін түсіндік. Ол еуропалық мемлекеттер, Солтүстік Америка және Оңтүстік Африкамен шектелмейді. Әлемнің кіндігі Еуропа не солтүстік аймақтар емес. Ол оңтүстікте түйіседі», - деп дәрісін түйіндеді Даниэль Бертран.

Бүгінде Бельгия дамушы елдерде елшіліктерін ашып жатыр. Дипломат Даниэль Бертранның айтуынша, бұрынғы Кеңес Одағы елдері аса маңызды нарыққа ие. Біздің елде Бельгия елшілігі осыдан 5 жыл бұрын ашылған болатын.

«Біз Бельгия мен Қазақстан арасындағы іскер қауымдастықтың арасындағы алтын көпірміз. Бүгінде мұнай мен газдан басқа да салалар бойынша байланысты жандандыруға баса назар аударудамыз. Қазір бізде денсаулық сақтау саласын, оның инфрақұрылымдарын модернизациялау жүзеге асуда. Жаңа ауруханалар салып жатырмыз. Сондықтан Бельгияның Қазақстанмен бөлісетін біраз тәжірибесі бар», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506