Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2462 0 пікір 12 Маусым, 2011 сағат 10:10

«Анонимдер» түрiк үкiметiнiң сайтына кибер-шабуыл жасады

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні, парламент сайлауына үш күн қалғанда, «Анонимдер» «Түркия операциясы» деген кодпен түрiк үкiметiнiң сайтына кибер-шабуыл жасады, деп хабарлайды Euronews.

Сайып келгенде, «Викиликс» негізін салушы Джулиан Ассанджды қолдау арқылы даңқын шығарған еркін интернет белсенділері Анкараға жаңа сүзгілер жүйесін енгізуге қарсы наразылық бiлдiрдi.

Таңертеңнен бастап Түркияның әскери-теңіз флотының, сондай-ақ Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар басқармасының веб-сайтына кіру мүмкін болмады.  Олар провайдерлерден төрт сүзгiнің бiрiн («стандартты», «балалар», «отбасылық» және «үйге арналған») орнатуды талап еттi. Тамыз айында күшіне енетін заң авторларының пікірінше, ол балаларды қажетсіз ақпараттардан қорғайды.

Мамыр айының ортасында Интернеттегі шектеуге қарсы наразылық білдіру мақсатында ондаған мың адам түрік қалаларының көшелеріне шықты.  Түркияда Youtube-ге қолжетімділікке 2007 жылы, қазіргі түрік мемлекетінің негізін салған Ататүрікті қорлаған ролик шыққаннан кейін тыйым салынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502