Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Сайлау 6140 0 пікір 30 Сәуір, 2019 сағат 18:10

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын www. abai.kz сайтында ұсыну тәртібі мен төлем мөлшері туралы мәліметтер

www. abai.kz сайтының меншік иесі – «Абай ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» Қоғамдық Қоры.

www. abai.kz сайты – 2009 жылдан бері ғаламтор кеңістігінде қазақ тілінде (қажет жағдайда ағылшын, орыс тілдерінде) ақпарат тарататын ақпараттық портал.

www. abai.kz сайтының материалдары апталық жұмыс күнінде толық (қажет жағдайда сенбі, жексенбі күндері) жаңартылып отырады.

Сайт материалдары күнделікті 7 мың мен 10 мың аралығында оқылады.

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президент сайлауына қатысатын кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа беттерін www. abai.kz сайтында беру талаптары жайында хабарлайды.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын ұсыну тәртібі

Үгіт-насихаттық баспа материалдары Сайтқа Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 3-тармағының 28-бабында көзделген көлемде, Сайттың меншік иесімен басылымнан орын беру туралы келісімге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолымен ұсынылады.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Сайтқа модуль немесе мақала түрінде ұсынылады.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарының Сайт бетінде орналасуын Редакция өзі анықтайды.

Үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдары Сайтқа шығатын күнінен 3(үш) жұмыс күн бұрын беріледі.

Егер Президенттікке кандидат сайлау алдындағы бағдарламасында Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, сайт үгіт-насихаттық және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Сайтта жарияланатын материалдардың төлемақысы мен оны төлеу тәртібі:

Үгіт-насихаттық және ақпараттық материалдар үшін сайт бетінен орын беру ақысы:

Дайын мақала және модульді www. abai.kz сайтында орналастыру (кеңістікті есептегенде әрбір 2500 п.б. дейін 1 күннен кем емес) – 100 мың теңге (ҚҚС жоқ).

Төлем Сайттан орын беру туралы тиісті келісімшартта көрсетілген банк реквизиттері бойынша немесе ұсынылған төлемшот негізінде алдын ала, төлемшот ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төленуі тиіс.

Мекен жайы: г.Алматы, ул.Жибек Жолы/Валиханова,64/47, офис 609 E-mail: abaikzportal@gmail.com, тел. 250-06-05, 87787807494.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036